«AMANAT» партиясының Түркістан обылысы Сауран аудандық филиалы және Сауран ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, «JASYL EL» еңбек жасақтарымен «Тазалыққа жастармен бірге» тақырыбында плоггинг марафоны өтті. Игі іс-шара «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» жалпыұлттық экологиялық акцияға және «Зорлық зомбылыққа жол жоқ» апталығы аясында ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Сауран аудандық маслихат төрағасы С.Байсбаев, Сауран аудандық маслихат депутаты А.Жусупов, Оранғай ауылдық округі әкімі Б.Қуандық, Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы м.у.а. Ж. Құрбанәлі, Әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің бөлім меңгерушісі О. Жексенбаев және «Жасыл ел» еңбек жасағы қатысты.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары өзен маңайына жиналып, плоггинг марафонының тәртібімен танысты. Белсенді жастар топтарға бөлініп, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа түсті. Жастар бір жағынан айналаның тазалығына қатысады, бір жағынан салауатты өмір салтын ұстанады. Жарыс соңында қатысушыларға Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбековтың арнайы алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, плоггинг салауатты өмір салтын сақтау мен экологияны қорғаудың буданы деуге болады. «Плоггинг» сөзі жүгіру кезінде қоқыс жинауды білдіреді. «Экологиялық марафонның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қала тұрғындарын спорт және денешынықтырумен айналысуға шақыру.