Республикалық “Zhas Camp. Jastar Academy II” жастардың жазғы лагері Түркістан облысы Төлеби ауданында өтті. Еліміздің түкпір түкпірінен келген жастар жағзы лагерь жұмыстарына белсене қатысып, командалық жарыстарға қатысты.
Жағзы лагерге қатысушы жастар ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар бойынша командалық жарысқа түсті. Жастар арасында бұл ойынды ойнатудың негізі мақсаты – жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспешілік сезімдерін арттыру. Сондай-ақ, ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, көрегенділік пен күштілікке тәрбиелеу. Сайыс 4 спорт түрінен (арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу: командалық ойын) өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы өңірлік үздік жобалар таныстырылды. Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» лагерінде барлық өңірдегі басқарма басшылары, жастар орталығының басшылары мен мамандары «TOP’ 23-24» мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы өңірлік үздік жобаларын таныстырды.
Кездесу соңында бір-бірінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізіп, өздерінің облыстарының жастары арасында аталған жобаларды жүзеге асыруға ой-пікірлерін білдірді. Үздік жобалар бойынша талқылаулар өтті.
Екі күн ішінде жастарға арналған түрлі іс шаралар ұйымдастырылды. Республикалық «Zhas Camp» лагерінде «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында жастар тазалық жұмыстары жүргізді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысында экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Атап айтсақ, бүгін республикалық лагерде қатысушы белсенді жастар Қасқасу өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық іс-шарасы барысында таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, өзен жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Шара соңында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Әлімжанов Біржан мен бірге ресубликамыздың 20 облысынан келген 300-ге жуық белсенді жастар оның ішінде қоғам белсенділері, блогерлер, депутаттар, басқарма басшылары барша Қазақстандықтарды акцияға белсенді қатысуға, өз ауласын, көшелерін таза ұстауға жасауға шақырып, жыл соңына дейін белсенді жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты жастар лагері аясында «Лудомания: қоғамға келген қатер» атты тақырыпта кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – құмар ойынның құрығына түсіп, құтылар жол таба алмай жатқандар санын азайту, құмар ойындардың қоғамға әкелер зардабын түсіндіру, кері әсерін ұғындыру.
Кездесуге, ҚР Мәжіліс депутаты Руслан Берденов кешкі алау басында жастармен кездесіп, «Лудомания: қоғамға төнген қатер» тақырыбында ой өрбітті. Лагерьге қатысушылар жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың әлемді құру мен дамыту рөлін және олардың жолында тұрған күнделікті проблемалар туралы пікір алмасты.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы елімізде 440 мыңнан астам азамат лудомания дертіне шалдыққан. Өткен жылғы деректер бойынша, Қазақстанда ажырасқан әрбір 10 отбасының жетеуінің жанжалдасуына лудомания себеп болған екен.
Кездесуде жастар пікір алмасып, құмар ойынға тәуелділіктің негізгі себептері, адам өміріне тигізер қатерімен қоса алдын-алу мен оны жою жолдарын талқылады. Ол құмар ойынға тәуелділіктің белгілерін, ерекшеліктерін, жағымсыз жақтарын егжей-тегжейлі қамтитын мазмұнды әңгімелер өрбіді.
Кездесу соңында жастар айтылған ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне қандай қорытынды жасағандарын айтып, осы тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.
Жазғы лагердің екінші күні «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан, Республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты лагерінде тұлғалық потенциалды дамыту, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттау, шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қасиеттерін дамыту, ұялшақтық, тұйықтық қасиеттерін түзеу, волонтерліу саланы дамыту мақсатында «Speech time» тақырыбында жастар ұйымдары жетекшілерінің жастармен кездесуі өтті.
Кездесуге, бірақатар республикалық деңгейде жастар ұйымдарын көшін бастап жүрген Наукен Ұлан, Жанділдаев Бақдаулет, Миронюк Татьяна, Қуандық Жасұлан, тақырыбында кездесіп, волонтерлік сала бойынша жастар өзін-өзі тануын, сенімділікті арттыру, өмірлік міндеттерді сәтті шешуге үйрету және қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруге арналған жаттығулар жүргізсе, жастар ұйымдары түрлі тақырыптарда сөз қозғады.
Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйлерімен білдіріп, іс-шараның тұлғалық даму барысында маңыздылығын жоғары бағалады және өздері қызықтыратын ұсыныстарын айтты.
Содан кейін «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан, Республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты лагерінде өңірден келген жас белсенділер үшін спорттық белсенділіктерін арттыру, психологиялық кеңестер өтіп, өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу бағытында, ұйымдастырушылық касиеттерін дамыту сонымен қатар жастардың көңіл-күйін көтеру мақсатында тимбилдинг өткізілді.
Шараны “Komek center” тәуелділікті оналту жане емдеу орталырынын психологы,педагогика ылымдарынын магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу мен Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары жүргізді. Қорытындысында жастардың көңіл-күйлері котеріліп қалды.