Республикалық, «Zhas Camp. Jastar Academy II» лагерінде «ASAR UME» қайырымдылық қоры облысымыздың бір жас отбасына баспана сыйлады
-Біз бүгін ерекше іс-шараға куә болып отырмыз. Бұл шара еліміздің белсенді, патриот азаматтарының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда елімізде ата-бабамыздан қалған дәстүр — асарлатып көмектесу, қайырымдылық жасау ісі жылдан-жылға жақсы дамып келе жатыр. Мұндай шараларға атсалысып жүрген жомарт, отансүйгіш, қайырымды азаматтарымыз көп,- дейді қор ұйымдастырушылары.
«Asar Ume» қайырымдылық қоры — бүгінде әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін пайдаланып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген қоғамдық ұйымдардың бірі.
Сонымен қатар, Түркістан облысы «Жастар орталығы» КММ мен “Open Turkistan” туристік ақпараттық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты жастар лагерінде өңірден келген жас белсенділерге тәлім-тәрбие беру, өмір жолындағы түрлі сынақты жеңу жолын үйрету. Шыңға шығу жолындағы қиындықты еңсерудің қыр-сырын айту мақсатында «Спорт — менің өмірімде» атты спортшылармен кездесу өтті.
Кездесуге арнайы спорт шебері, самбодан 3 дүркін әлем чемпионы Оспанов Арман, бокстан халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы Жақыпов Біржан, Шымкент қалалық дюзодо вице-президенті Абаев Алтынбек, Эконамист , Блогер Рысбаев Сәбит келіп, республикадан келген жалынды жастар қатысты.
Спорт майталмандары бірі бірнеше сала мамандарының алды қазір шәкірт тәрбиелеп жүрсе, енді бірі әлі де ел намысын қорғап, шаршы алаңда өнер көрсетіп жүр. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Әдетте тек теледидар мен әлеуметтік желі арқылы таныс болса, бүгін спортшылар жастардың алдына келіп белсенді жастармен пікір-талас өткізді. Жастар белсенді өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды.
“Әрбіріміздің алдымызда таңдау еркі тұрады. Мысалы мен спортты таңдадым. Барлығының бірдей спортшы болмауы да мүмкін емес. Ол өмір заңдылығы. Десе де мықты суретші, өнерпаз, немесе ғалым шығуы ықтимал. Тек дұрыс мақсат қойып, елдің мерейін үстем етуді армандау қажет. Сол жолда аянбай еңбектеніңіздер” -деп кездесуді қорытындылады спорт шебері, әлем чемпионы Жақыпов Біржан.
Әлем аренасында ел намысын қорғап жүрген спортшылармен тәжірибе алмасу жастар үшін тосынсый болды.
Үшінші күні, аталған лагерге эстрада жұлдызы Карлов Нұрдәулет өнер көрсетіп, түрлі сайыстар бойынша сынға түскен командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жарыс нәтижесіне сәйкес, жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
1 — орын: “Түркістан” командасы (150 000тг)
2 — орын: “Яссауи” командасы (100 000тг)
3 — орын: “Ақмешіт” командасы (75 000тг)
Ынталандыру сыйлығы — “Әл-Фараби” командасы (30 000тг)
“Ең үздік ойыншы” номинациясы — Досан Аружан (30 000тг)