Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті қолдау бағытында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер жетерлік. Қайтарымсыз қаржы, яғни гранттар мен жеңілдетілген несиелер — осының бір айғағы. Былтырдан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға 2,5 пайызбен шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілді. Бұл бағдарлама негізінен экономиканы өркендетуге басымдық береді. Ең бастысы, бизнес жоспарыңыз бен кепілге қоятын мүлкіңіз болса болғаны. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Жалпы, өз кәсібін ашқысы келген кез келген азаматтың 5 миллион теңгеге дейін несие алу мүмкіндігі бар.
Мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндікті пайдалана білген мақтааралдық Кұрманбеков Серік. Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде тұратын Серік мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді естіп, өз бизнес жобасын қорғап 2,5 пайыз несиенің жеңімпазы атанып “Шаштараз” ашып, өз кәсібін дамытуда.Мырзакент тұрғындарына қызмет жасап жатқан жас кәсіпкер, қазіргі таңда қол астында 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Серік мырза алдағы уақытта алға қойған мақсаттарына жету үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында бірнеше жоспарлар жасап жатқанын атап өтті. Жастарға мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып жұмыс істеуге шақырды.
Ал Созақ ауданының тұрғыны Отаров Әлішер мемлекеттен жастарға берілетін жеңілдетілген 2,5%-дық несиені алып, өз гидромассаж орталығын ашқан. Жас кәсіпкердің бұл саланы таңдауы, елімізде қарқын алып жатқан саланың аудан тұрғындарына қолжетімді етуі және сәбилердің денсаулығын жақсарту, шынықтыруға пайдасын тигізу.
Сол сияқты жас кәсіпкер Нурманов Элмурат Дилмуратұлы Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округінен өз кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алу үшін жылыжай ашып, өз бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген. Қазіргі таңда қияр өнімін өндіріп, ауылда, аудан көлемінде және Қазақстанның басқада облыстарына тұтыныушыларға жеткізіп және одан әрі кәсібін дамытуда. Кәсібін бастаушы жастарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға кеңес берді және өз бизнестерін бастауға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (кепіл қою міндетті). Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды. Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез-келген мақсат үшін – 5 жыл.
2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі. Сала бойынша шектеу қойылмаған, яғни басым бағыттар бекітілмеген. Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары микрокредит ала алады.