Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «12 — тамыз Халықаралық жастар күніне» орай ұйымдастырылған апталықтың мазмұны мен оны өткізу бағдарламасымен таныстыру мақсатында брифинг өтті.
Апталық аясында Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалаларда «Таза Қазақстан» эко-акциясы, «Бар мейірімділік балаларға» атты аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған экскурсия, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Спорт біздің серігіміз» атты кіші футбол түрінен спорттық жарыстар, жастардың кешкі уақытын қызықты өтізу мақсатында кино көрсетілім, «Жастармен BIRGE» атты мерекелік кеш, түрлі бағыттағы псизологиялық кең ауқымды іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білуі керек. Өйткені, ел болашағы жастарымыздың білімдері мен күш-жігерлеріне, патриоттық сезімдеріне тікелей байланысты. Сол себептен де жастар күніне арнайы апталық бекітіп осы іс шараларды облыс жастарына кеңінен насихаттап, жастар саясатын жүзеге асыру басым бағыттарымыздың бірі,- деді Бектаев Ернар
Іс-шаралар аясында барлығы 50 мыңнан астам жасты қамту жоспарлануда. Облысымыздың аудан, қалаларда жастардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңдарын, қайырымдылық акцияларын, волонтерлердің қатысуымен экологиялық шараларды өткізу жоспары қолға алынды.