Жиырма бірінші ғасырдағы қоғамның негізгі дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты жою, алдын алу және сыбайластыққа қарсы күресу бағытында халықтың сауатын арттыру, құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы бастау алды.
«Жемқорлыққа қарсы мобильді топ» құрамында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері — Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының» Еріктісі, заң ғылымдарының магистрі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы, Түрістан облысы бойынша Әділет департаментінің Сарыағаш ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтықтық бөлімінің басшысы Жармаханбет Нұрлан Зиябекұлы, жеке сот орындаушысы Сүйінәлі Ержігіт Қанатұлы, адвокат Назарқұлова Гүлсара бар.
Аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарныда құқықтық мәдениет деңгейін және қаржылық, заңгерлік сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Құқықтық мәдениет деңгейін және қаржылық, заңгерлік сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Сонымен қатар, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады, ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.
Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлы болмаса, сіз бірыңғай Call-center 1424 телефон нөміріне хабарласа аласыз!
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.