Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жастарды мемлекеттік бағдарламамен қамту, жас кәсіпкерлерді қолдау, «Кәсіптік бағдар беру» бойынша облыс жастарына насихаттау жұмыстарын жандандыру, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, өңіріміздегі жастар саясатын дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жастар – еліміздің болашағы. Ел ертеңі – жастардың қолында. Аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында біршама жұмыстар атқарылды. Әсіресе, жұмыс жүргізу барысында басты басымдық жастарды жұмыспен қамту бағытына аударылды. Басты мақсат – жұмыссыз жастар санын азайту. Осы мақсатта өңірде кәсіптік білім жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау күшейтіліп, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынуы керек. Алдағы уақытта NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдануы тиіс, – деді облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев.
Қазығұрт ауданында 14-35 жас аралығындағы жастар саны 39908 жастан асып, халық санының 30 пайызын құрайды. Ауданымызда жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында Қақпақ ауыл округтерінде 12 мемлекеттік бағдарлама аясында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілуде.
Аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыру мақсатында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Б.Жапбарқұлов, “Мансап орталығы” КММ-нің директоры М.Алпысов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиал директоры Р.Көкенов, “TURKISTAN” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Қазығұрт ауданы бөлімінің басшысы Қ.Алиевтер насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 6 айда 842 жас тартылды. Қазіргі таңда, орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 2341 жасқа кеңес берілді.