«Жар Жар» мейрамханасында «АMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының және “ Жастар рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен «Аmanat aqylman» инттеллектуалды сайысы өтті.
«Аmanat aqylman» интеллектуалды сайысы Түркістан облыстық партия филиалының бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Іс-шараның мақсаты — аудандағы интеллектуалды шыңдалған азаматтарды қоғамдық-саяси іс-шараларға тарту арқылы әріптестік атмосферасын қалыптастыру. Сайысқа Жетісай аудандық партия филиалының 8 бастауыш партия ұйымдары және 1 Жастар командасы жалпы 9- команда қатысты. Атап айтқанда “Денсаулық”, “Ж.Ералиев”, “Береке”, “Абай” ,“Ынтымақ”, “Қарақай”, “Мейір”, ”Қазыбек би”, “Шипагер”, “Фаворит” сынды топтар өзара бақ сынасты.
Сайысқа “Жастар рухы” жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы- Жұман Жансерік Бауыржанұлы, “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қайназаров Асқар Нұртайұлы, аудандық мәслихат төрағасы- Қасымов Медет Алмасбекұлы, партия және қоғам белсендісі- Айтышева Раушан Қуанышқызы, қоғам белсендісі- Олжас Мамыр Қайратұлы төрешілік етті.
Сайыста 4- кезең болды. 1 – кезең- аудан тарихы. Ал, 2 – кезең Қазақ әдебиеті. Ал, 3 – кезең логикалық сұрақ. Төртінші әрі шешуші кезеңде партияға қатысты сұрақтар қойылды. Төрт кезең бойынша бірдей ұпай жинаған топтарға тағы қосымша сұрақтар қойылды. Сайыс соңында білімділігімен және тапқырлығымен «Денсаулық» тобы І-орынды иемденді, ІІ – орынды «Ж.Ералиев» тобы алса, ІІІ-орын «Фаворит» тобына бұйырды. Қалған белсене қатысқан топтар түрлі номинациялармен марапатталып, сайыстан естелік ретінде партия атынан сыйлықтар таратылды.