Түркістан облысы Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызының 31.07.2024 жылғы №16Б/т санды бұйрығымен және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келісімімен Мейірбек Нұршарифиддин Нұрғазыұлы Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Алданиязов Есенкелді Әшірханұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызы таныстырды.
-Орталыққа жаңадан тағайындалып отырған жаңа басшы ұжыммен бірге аудандағы жастар саясатының дамуына, жастар арасындағы жұмыссыздық пен құқықбұзушылықтың төмендеуіне, табысты жас кәсіпкерлердің қатарының артуына күш салады деп сенім білдіреміз. Сонымен қатар мекеменің жоғары жетістіктерге жетуіне ұжым болып бірігіп күш саласыздар деп үміттенеміз. Әрине, жастар саясатын жүргізу оңай шаруа емес, дегенмен жастардың қоғамдағы рөлі мен күшін есепке алсақ, қандай белесті болса да бағындыратын сіздерде ондйа күш бар деп ойлаймын, — деген Есенкелді Әшірханұлы жаңа басшыға бірқатар міндеттерді жүктеді.
Мейірбек Нұршарифиддин Нұрғазыұлы 1998 жылы 30-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
05.09.2022 – 10.01.2023 жылдары Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-есепші қызметін уақытша атқарушы, 10.01.2023 – 26.09.2023 жылдары Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман-есепші, 28.09.2023 жылдан бастап Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінде бас маман-есепші қызметін атқарып келген.