Түркістан облысының аудан аумақтарында орналасқан Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен күнделікті жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірқатарына шолу жасап өтелік.
Жетісай ауданының Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік, психологиялық көмектер көрсетіліп келеді. Орталық психологтары пробация есебінде тұрған азаматтарды жеке қабылдау өткізумен қоса түрлі семинар-тренинг ұйымдастыруды қолға алған. Кезекті шара барысында сотты болған азаматтармен жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Жеке қабылдау барысында адам жанының емшісі психолог -мамандар қатысушылардың мұқтаждығын мұқият тыңдай білді және қажетті психологиялық көмек көрсету мақсатымен әрбір адамды түсіну мен көмек беруге тырысты. Олардың жағдайларын білу арқылы айтқан барлық шағымдарын тыңдап, туындаған мәселелерінің шешу жолын қарастырды.
Аудан орталығында жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында арнайы акция өтті.
“Нашақорллыққа жол жоқ” атты тақырыппен бастау алған шараны “Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ұйымдастырды.
— Нашақорлық — қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Қазіргі таңда бұндай індет пен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бұндай шараның маңыздылығы ерекше. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа аса сенім артуда. Сондықтан да біз бұл дерттің өршуіне жол бермеуіміз керек,-дейді ұйымдастырушылар.
Акция барысында ұйымдастырушылар адам көп шоғырланған орындарда, көшелер мее саябақтарда есірткінің зиянын жастар мен аудан тұрғындарына жан-жақты түсіндіріп, оған жоламауға шақырып, тақырыптық үнпарақша таратты.
Ұйымдастырушылар осы бағыттағы жұмыстар күнделікті күн тәртібіде екендігін айтып, есірткіге қарсы іс-қимыл шараларын жастар арасында одан әрі дамытатынын айтты.
Ал Мақтаарал ауданында 12- тамыз жастар күніне орай Қарттарын қадірлеген ел ардақты” іс-шарасы аясында мерекелік онкүндік қайырымдылықпен басталды. Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері және еріктілерімен тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында жастар Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті,Бөгенбаев көшесі 18 үй тұрғыны Мамедов К.М жалғыз басты қартымыздың үйіне барып көмек беріп,ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Жалғызілікті қартқа әп-сәтте қуаныш сыйлаған еріктілердің игі ісіне алғысын жаудырды. Жастар әр қашанда тәрбиелік мәні бар жұмыстарда қашанда уақыт тауып белсенділік танытып келеді.
Осылайша, Еріктелер «Игі істер» марафоны бір апта көлемінде барлық кент,ауылдық округі көлемінде болып үлес қосып, жастар бойындағы асыл қасиеттерін көрсетіп, үлкендерге қолғабыс жасайды.
Олар бұған дейін де көмекке мұқтаж отбасыларды назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсетіп келеді. Еріктілердің айтуынша, әр адамның бойында мейірім мен қарапайымдылық ұштасса – игілікті іс жасауға мүмкіндік те көбейеді.
Өзіміздің жерлестерімізді осындай қайырымдылық жасауға шақырамыз. Бір-бірімізге қол ұшымызды беріп, осындай отбасыларға көмегімізді берсек нұр үстіне нұр жауады деп ойлаймыз.