Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен күнделікті жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірқатарына шолу жасап өтелік.
Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Омархан Ыбрай Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандарымен кездесу өткізді. Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын түсіндіру, жастар арасында цифрлық, қаржылық сауаттылықты арттыру және жастарды, оның ішінде жас мемлекеттік қызметшілерді әдептілікке баулау жөнінде мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау, жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Қазығұрт ауданы Жастар орталығымен мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатқан жұмыстарды таныстыру мақсатында шалғай жатқан шағын елді мекен тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында Құркелес ауылдық округінің тұрғындарына, жастарына «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жас маман» жобасы, «Бастау Бизнес», Жас кәсіпкер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы, ОАОО Білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» — «Серпін-2050» оқыту бағдарламасы сынды жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде ақпараттар берілді.
«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.
NEET санатындағы жастар санын азайтуға байланысты Дербісек ауылдық округтерінің жастары мен тұрғындарына жастарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер, гранттар ,сондай-ақ жалпы мемлекеттік бағдарламалар туралы насихат жұмыстары жүргізіліп, брошюра таратылды.