Жастар – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылды. Бүгінгі күнге дейін ел болашағы жастарды тәрбиелеуде ауданымызда біршама жұмыстар атқарылып, жастар саясаты, жастарды әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау шаралары өз шешімін тауып келеді. Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаевтың бастамасымен «12 тамыз – Жастар күніне» орай Жібек жолы ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында, ауылдың жастарымен кездесу өткізді. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуге құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдың белсенді жастары қатысып, ой-пікір алмасты.
— Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Ұлт болашағы жастардың қолында, сондай-ақ Қазақстанның гүлденуі де, жастардың қолында! Әрбір Қазақстанның жас жеткіншектері қисық не қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті- заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп орындау болып табылады. Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз. Болашағымыз ғұмырлы, салиқалы болуын қаласақ, жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөліп, қадағалауына атсалысуымыз қажет,-деді аудан басшысы.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев кездесу соңында еліміздің болашағы жастар екенін айтып, олардың азаматтық бастамаларын іске асыруда белсенділіктерін көтеру бағытында түрлі деңгейлі іс-шараларды ұйымдастыруға шақырып, жастарға әрдайым қолдау көрсетіп тұратынын жеткізді. Сонымен қатар, әрбір аудан тұрғынын бірлесе отыра, нәтижелі жұмыс атқаруға, ұрпақ үшін үлгі боларлық игі істер тындыруға шақыратынын тілге тиек етті.