Өңірлерде Жастар күніне орай мерекелік онкүндік аясында іс-шаралар жалғасып жатыр. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының жастары бұл күнді жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіруден бастады. Бұлардың ішінде ең маңыздысы — жастар үшін “Қолжетімді баспана”. Қазіргі таңда елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүіп жатыр. Ал бұл ретте жастарға қандай мүмкіндіктер бар? Бұл жөнінде «Отбасы банк» қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы банкіне» аударуға мүмкіндік беру керектігін мәлімдеген болатын. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламалары бойынша үнпарақшалар таратылды, «Отбасы банк» кеңесшілері Толыбаева Ләззат Құралқызы, Индира Бекежанқызы жастарға қажетті мағлұматтармен бөлісіп, қосымша сұрақтарға жауап берді. Ал кейбір түсінбеген сұрақтар туындаған жағздайда қызметкерлердің байланыс нөмерлеріне хабарласуына болады. Мұндағы басты мақсаты жастар мен ауыл тұрғындарын қол жетімді баспана жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс шара барысында Мактаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекттік мекемесінің қызметкерлері үнпарақшалар тарқатып шықты.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекттік мекемесінің басшысы Нұркен Ошантаевтің бастамасымен мобильді топ құрылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары Еңбекші ауылдық округінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде жүргізілді. Қоғамдық жұмыстар және де 12 бағыт бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2.5% несие; «Алғашқы жұмыс орны»; Қоғамдық жұмыстар; «Жастар практикасы»; Әлеуметтік жұмыс орны; «Бастау-Бизнес»; «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы; Студенттік құрылыс отряды; «Дипломмен ауылға»; «Болашақ»; ОАОО Білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар; «Серпін-2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» оқыту бағдарламасы сынды жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде ақпараттар берілді.
Бүгінде бұл бағдарламалардың игілігін көріп жүрген жастар жеткілікті. Солардың бірі — Досан Назым Қалжанқызы. Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар практикасы «мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы саналатын назым Жетісай аудандық орталық ауруханасында мейірбике болып білікті мамандардан, тәжірибе жинақтауда.
-Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс. Өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты болады. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді. Бүгінгі таңда медицина саласы өте жоғары деңгейде даму үстінде. Әр халық өзінің дәстүрлі медицинсының дамуына де ерекше мән беріп, оны әлемдік медицина ғылымымен ұштасыруға барын салып отыр. Мен де өз шама шарқымша осы саланың өркентеуіне өз үлесімді қосқым келеді, — дейді Назым Қалжанқызы.
Ал Келес ауданы Бірлік ауылдық округі Жаңатірішілік елді мекенінде дүниеге келген Кеңес Гүльмира Ерболқызы 2006 жылы №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектебін табалдырығын атап, 2018 жылы мектепті бітіріп, Жетісай қаласындағы жетісай медицина колледжіне “фельдшер” мамандығына түсіп 2021 жылы таңдаған мамандығын алып шықан.
Қазіргі таңда Келес ауданы “МАНСАП” орталығы арқылы Бірлік ауылдық округінде Жаңатірішілк елді мекеніндегі ауруханасында “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып жаттыр. Жұмысымен танысып өзінен сұхбат және, аудан жастарына осындай Мансап орталығында беріліп жатқан мүмкіндіктерден құр қалмауын айта кетті.
-Бүгінде елімізде жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктер өте көп. Соны дер кезінде пайдаланып, өз мүмкіндіктеріңді ұштастыруға болады. Студенттер оқуын бітіре салып, көп жағдайда жұмысқа тұра алмайды. Солай жұмыссыз қалып, даурығады. Осындай сәтте қолдау көрсететін “Жастар практикасы”, “Дипломмен ауылға”, “Серпін” сияқты бағдарламалар көп септігін тигізеді. Тәжірибесі жастар үшін өте үлкен мүмкіндік дер едім, — дейді ол.