aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Оқушылардың көзінше қорлайды»: Атырауда мектеп мұғалімдері директорға қарсы ұжымдық шағым түсірді

2 ноября, 2024
in Жаңалықтар
0
«Оқушылардың көзінше қорлайды»: Атырауда мектеп мұғалімдері директорға қарсы ұжымдық шағым түсірді
0
SHARES
82
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атыраудағы №8 мектептің қырықтан астам мұғалімі жуырда тағайындалған директордың әрекетіне қатысты ұжымдық шағым жазды. Мұғалімдер мен кейбір ата-аналар директорды қызметтен босатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды azh.kz.

Ұстаздардың айтуынша, жаңа директор педагогикалық этика мен еңбек заңнамасын жүйелі түрде бұзады. Мектеп қызметкерлері Құрманғалиеваның олардың ар-намысына нұқсан келтіріп, тіпті кейде оқушылардың көзінше қорлайтынын мәлімдеді.

Ұжым көп жағдайда директордың қудалауынан жас мұғалімдер зардап шегетінін атап өтті. Шағымды ұйымдастырушылар директор мұғалімдердің ар-намысын таптағанын айтты.

«Намысыма тиді десем артық емес. Директор тарапынан әділетсіздік пен өрескелдік байқалғаннан кейін барлық жиналыстарда оның әдепсіз мінез-құлықтарын аудио және видеоға жазып жүрдім. Менде оның мінез-құлқы туралы дәлелдер көп, сол себепті осы шағымды ұйымдастырушы болдым», — дейді ұстаздардың бірі.

Мұғалімдердің айтуынша, директор нашар үлгерімі бар оқушылардың мектеп рейтингіне нұқсан келтірмес үшін олардан «құтылуды» талап еткен.

«Ол оқушыларды басқа мектепке ауысуға ұсыныс жасау немесе бағаларын жоғарылату арқылы олардан құтылу керек екенін айтты. Өзі информатика пәнінен сабақ береді және оның барлық оқушылары жоғары бағалар алады. Мұны тексеруге болады», – дейді №8 мектептің бір мұғалімі.

Шағымдарын білдіргендер арасында мектеп оқушыларының ата-аналары да бар. Олар директордың оқушыларды қойларға теңегенін жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

Қарашада ауа райы қандай болады?

Келесі жаңалық

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі