aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл

3 ноября, 2024
in Uncategorized
0
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) өзінің 90 жылдығын атап өтуде. 1934 жылы негізі қаланған бұл оқу орны Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы ретінде танылған. Университеттің тарихы еліміздің білім және ғылым саласындағы маңызды өзгерістермен тығыз байланысты.

Бүгінгі таңда университет ұжымы ұлы тұлғаларымыз бастаған игі істерді жаңа бағытта жалғастырып келеді. Халықаралық QS рейтингінде 163-орында, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде де өзінің көшбасшылық позициясын орнықтырды. QS Asia University Rankings бойынша университет Азиядағы үздік 30 жоғары оқу орнының қатарына енген. 2022 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №516 қаулысымен университетке «зерттеу университеті» мәртебесі берілді.
ҚазҰУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхиты аймағындағы 650-ден астам жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. Олардың 80-нен астамы өткен жылдың үлесінде. Бұл ретте, негізгі басымдық ғылыми зерттеулерге бағытталған жоғары дәрежелі университеттерге берілген.
Қазіргі уақытта университетте 16 факультетте 554 білім бағдарламасы бойынша дәріс берілуде. Білім ордасында 120 мамандық бойынша Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда. Студенттеріміз Еуропаның, Түркияның, Ресейдің, Оңтүстік Кореяның және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіруде. 2023 жылы 451 бакалавр мен магистрант шетел университеттерінде оқып, біліктілік арттырды. Сонымен қатар, 325 PhD докторант Еуропада (Ұлыбритания, Австрия, Германия, Франция, Испания), Солтүстік Америкада (АҚШ), Азия (ҚХР, Корея, Жапония) және Түркияда шетелдік жетекшілермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемнің озық университеттерінде тәжірибе алмасты.
Соңғы жылдары университетке академиялық ұтқырлық және тағылымдама бағдарламалары бойынша АҚШ, Жапония, Германия, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Түркия, Нидерланды, Бельгия, Қырғызстан, Словакия елдерінен 250-ге жуық шетелдік студенттер келді. Америкалық халықаралық білім беру кеңестерімен (АҚШ) келісім аясында филология және халықаралық қатынастар факультеттерінде орыс тілін оқып жатқан 125 АҚШ азаматы қабылданды. Жалпы, ҚазҰУ-да әлемнің 54 елінен 3928 шетелдік студент білім алуда.
Университеттің ғылыми әлеуеті де зор, жыл сайын зерттеу жұмыстары мен ғылыми жарияланымдар бойынша алдыңғы қатарда келеді. Оқу орны халықаралық ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен және ғылыми институттармен тығыз ынтымақтастық орната отырып, шетелдік студенттерді қабылдау арқылы білім беру саласындағы интеграцияны нығайтуда.
ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл мереке тек оқу орнының жетістіктерін атап өтумен шектелмей, Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесін де көрсетеді. Алдағы уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім мен ғылымды дамытуда, инновациялық жобаларды жүзеге асыруда және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда маңызды рөл атқара бермек. Университеттің 90 жылдығы – бұл білім, ғылым және мәдениеттің болашағы үшін жаңа белестерге ұмтылудың символы.

Авторлар:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, профессор, з.ғ.к. Бишманов Какимжан Муратжанович
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Дінтану» мамандығының 1 курс докторанты Жетпісбай Назерке Жетпісбайқызы
https://www.kaznu.kz/kz

Алдыңғы жаңалық

«Оқушылардың көзінше қорлайды»: Атырауда мектеп мұғалімдері директорға қарсы ұжымдық шағым түсірді

Келесі жаңалық

«Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын»: сахнаға Rаim-мен шыққан Ерке Есмахан көрерменді күлдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі