Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында 2020-2022 жылдары болған екі қазақстандыққа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.
«Олардың біреуі – Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257-бабы).
Екіншісі – Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260-бабы).
Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді», — делінген ҰҚК хабарламасында.