Аты аңызға айналған қазақтың әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мерейтой иесін әнші Димаш Құдайбергеннен бастап танымал өнер иелері құттықтады.
«Бүгін біз Қазақстанның рухани әлемінің символы болып табылатын қазақ мәдениетінің нағыз аңыз адамы, әйгілі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын атап өтудеміз.
Мен осы ұлы мәдениеттің бір өкілі болғаныма мақтанамын. Бибігүл Ахметқызы сияқты шеберлер салған мәдени жолды жалғастыру мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын», — деп құттықтады Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға құттықтау хатын жолдағаны хабарланған болатын.