aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

15 жастағы қызға үйленген: Қызылордада ер адам қалыңдығы жүкті болған соң 12 жылға сотталып кетті

21 января, 2025
in Uncategorized
0
15 жастағы қызға үйленген: Қызылордада ер адам қалыңдығы жүкті болған соң 12 жылға сотталып кетті
0
SHARES
171
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда облысында 15 жастағы қызға үйленген жігіт 12 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Информбюро.

Қызылорда облысының тұрғындары 21 жастағы Нұртілеу Ибрагимов пен 15 жастағы Аяла Жүрсін былтыр наурыз айында шаңырақ көтерген. Жас жұбайлардың үйлену тойын ата-аналары дүркіретіп өткізген. Олардың некесін имам қиған. Көп өтпей Аяланың аяғы ауырлап, дәрігерге көрінеді. Емханадағылар бұл ақпаратты полицейлерге айтып, ақырында Нұртілеуді тергеуге алып кеткен.

«Баланың түсіп қалу қаупі бар деген соң УЗИ-ге түсірдік. Бір аптадан кейін РОВД-ға шақырды. Баламды үш ай бойы тергеді. Әншілердің қызы да кетіп жатыр ғой. Қанша әншілердің қыздары кетіп жатыр. Оларға заң жоқ екен де, бізге келгенде заң бар ма? Баламды педофил қылып көрсеткен, содан 12 жылға соттап жіберді», — дейді Нұртілеудің анасы Гүлбану Әшірбаева. Нұртілеу Ибрагимовке кәмелетке толмаған қызды төсек қатынасына тартты деген айып тағылған.

Аяла Жүрсін әлі күнге дейін ата-енесімен бірге тұрып жатыр. Ол сотқа жәбірленуші ретінде қатысса да, тұрмысқа өз еркімен шыққанын айтқан.

«Мен бұл үкімге келіспеймін, күйеуімді босатып беріңдер дедім. 15 жастан үйленіп жатқандар көп қой. Бірақ солар бақытты болуға лайық, ал біз неге бақытты болуға лайық емеспіз? Не үшін менің күйеуім жазықсыз түрмеде отыр?», — дейді Аяла.

Сот үкімі 2024 жылы қарашада шыққан.

«Нұртілеу Ибрагимов ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған педогогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы айыра отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — делінген соттың хабаралмасында.

Жігіттің туыстары аппеляциялық сотқа жүгінген, бірақ шағым қанағаттандырусыз қалдырылған. Енді ата-аналары Жоғары сотқа шамданбақ.

Алдыңғы жаңалық

Жаһан Отарғалиев жаңа келіншегінің екі баласы бар екенін көрсетті

Келесі жаңалық

«Өскеменде ауа сапасы өте нашар»: облыс әкімі себебін түсіндіріп берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі