aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді — Мәжіліс заң қабылдады

29 января, 2025
in Жаңалықтар
0
Легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді — Мәжіліс заң қабылдады
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа заңда легионерлерге мемлекет бюджетінен де квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма бар.

Мәжіліс Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын екінші оқылымда қабылдады.

— Министрлік бұрын бекітіп жіберген, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды. Заңға жоғары жетістіктер спорты деген түсінік енді, салаға бөлінген мемлекеттің қаржысы енді соларға бағытталады. Жоғары жетістіктер спортына, яғни олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада, Азия, пара Азия және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұрын министрлік 180-нен астам спорт түрін тіркеп қойып оның барлығына қаржы беріп келген болса енді олардың саны 3 есе қысқарады. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері деген түсінік енгізіліп, оның басымдықтары да айқын көрсетілді, — деді Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің жалпы отырысында аталған заңды таныстыра отырып.

Халық қалаулысының айтуынша, жаңа заңда легионерлерге мемлекет бюджетінен де квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма бар.
Мәлімдеуінше, енді бюджет қаражаты жоғары жетістіктер спорты мен басым спорт түрлеріне, мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеуіне, бұқаралық спортқа және спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

— Федерациялардың аккредитиация алу тетігі өзгертілді. Сәйкесінше енді еліміздегі барлық спорттық федерация ұлттық спорт федерациясы болуы керек. Осылайша 1 спорт түрі бойынша 1 ұлттық спорт федерация ғана аккредиттеледі. Сонымен қатар заң жобасында Туризм және спорт министрлігінің жекелеген құзыретінен артық заңнамалық регламенттеу нормаларын алып тастау көзделеді. Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері нақтыланды, — дейді депутат.

Заң жобасына тағы бірқатар түзету енгізілді:

— басым спорт түрлерінің қатарына ұлттық спорт түрлері енгізілді;
— аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының аккредиттелген ұлттық спорт федерациясының мүшесі болу міндеті белгіленді;
— аккредиттелген ұлттық және жергілікті спорт федерацияларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау міндеті бекітілді;
— «мемлекеттік дене шынықтыру — спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау» ұғымы енгізілді, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау институты енгізілді;
— саланың ерекшелігін ескере отырып, бірінші басшыларды мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарына лауазымды қызметке тағайындау мен қызметінен босату тәртібін регламенттеу бойынша құзыреттер белгіленді;
— уәкілеттті органға спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға-колледждерге оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту бойынша құзырет берілді;
— бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның спорттық іс-шараларға баруға байланысты шығындарын өтеу бойынша заңнамалық талап белгіленді;
— спортпен шұғылдану және спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жасты бекіту жөніндегі нормалар қабылданды;
— дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға басым спорт түрлерінің республикалық тізбесін және басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлеу және бекіту, оған қоса жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау бойынша құзырет берілді;
— дене шынықтыру және спорт субъектілері, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын ақылы қызметтердің тізбесі нақтыланды;
— спорттық медицинаны дамытуға, спортшыларды даярлау стандарттарын әзірлеу мен бекітуге бағытталған нормалар қарастырылған.

inform.kz

 Фото: «Астана» ФК

Алдыңғы жаңалық

«Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті»: Қайрат Нұртастың әйелі ақшадан қиналғанын айтты

Келесі жаңалық

«Шайтан қуғыш» атыраулық емші әкімшілік жазамен құтылатын болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі