aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шайтан қуғыш» атыраулық емші әкімшілік жазамен құтылатын болды

29 января, 2025
in Жаңалықтар
0
«Шайтан қуғыш» атыраулық емші әкімшілік жазамен құтылатын болды
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кішкентай балалардың ішінен «шайтан қуып» емдеп, көпшіліктің ашуына тиген атыраулық емші Кейқуат Оспановқа қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түспеген, сондықтан оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр», — деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске салайық, Алматыда емші Кейқуат Оспановқа әйел адам кәмелетке толмаған қызын алып келген. Айтуынша, кішкентай қызы ересек адамның қылығын жасайтын көрінеді. Емші қыз баланың ішіне «жын кірген» деп шешіп, оны шығармақ болған. Баланың қолын байлап, тамағынан қысып, өзінің білетін емін жасаған. Кейін емшінің тағы бір 12 жастағы баланың «жынын шығарып» жатқан видеосы тарады.

Azattyq Rýhy тілшісі Кейқуат Оспановтың өзімен сөйлесіп, оның емдік шара жүргізуге рұқсаты бар-жоғын анықтады. Емші «Сақтар» рухани халықтық медицина орталығы мекемесінен лицензия алғанын айтты және өзінің бұрын кезекші молда болып Атырау облысының мешіттерінде қызмет еткенін мәлімдеді.

Алайда оның емші деген сертификатының ғана бары және мешітте имам емес, күзетші болып болып жұмыс істегені анықталды.

Алдыңғы жаңалық

Легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді — Мәжіліс заң қабылдады

Келесі жаңалық

«Алматыдан айырылғалы тұрмыз»: депутат шенеуніктерді электромобильге көшуге шақырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі