aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанға босануға келген үш баланың анасы сәбиімен бірге қаза тапты

20 февраля, 2025
in Жаңалықтар
0
Қазақстанға босануға келген үш баланың анасы сәбиімен бірге қаза тапты
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Марқұмның туыстары әділдік талап етуде. Олардың айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін қызметінен шеттетілген дәрігерлер қайтадан жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудандық бас дәрігерге қатаң сөгіс жариялап, екі орынбасарын қызметінен шектеді. Алайда біраз уақыттан кейін бұл екі орынбасар қайтадан сол аурухананың басшылық құрамына тағайындалды. Халық бұл жағдайға таңғалып отыр», – деді Ұлан Балапанов.

Қайғылы оқиға 30 қаңтарда Үржар ауданында болған. Төртінші баласын босануға келген Гүлнәр Қайратқызының ауруханадан мәйіті шыққан. Туыстары оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтады. Сондықтан олар дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды деп есептейді. Айтуларынша, дәрігерлер әйелге дәрі егіп, «бір тәулік күтеміз» деп ауруханада қалдырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері дәрігерлердің қайта қызметке оралуына нақты жауап бере алмады. Олар тек босану кезінде тиісті ем-шаралар медициналық нұсқаулыққа сай жүргізілді деп мәлімдеді.

«Гүлнәр Қайратқызының өліміне босану кезінде пайда болған асқыну себеп болды. Бірақ сот-медициналық сараптаманың түпкілікті қорытындысы шықпағандықтан, әзірге нақты диагнозды түсіндіре алмаймыз», – деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстан азаматтығын алған шетелдіктің қуанышы қойнына сыймады

Келесі жаңалық

«Бір апта нәр татқан жоқ»: Әли Оқаповтың келіншегі «Құрмет» орденіне қатысты буллингті еске алып, мұңайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі