aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Денесі ісіп, иістеніп кеткен»: Шуда жас ананың мәйітін жертөлеге тыққан дәрігерлер қалай жазаланды

2 апреля, 2025
in Жаңалықтар
0
«Денесі ісіп, иістеніп кеткен»: Шуда жас ананың мәйітін жертөлеге тыққан дәрігерлер қалай жазаланды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шу ауданында аурухананың жертөлесінен табылған жас ананың мәйітіне қатысты атышулы іс бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының Шу ауданындағы ана өлімі фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастады.

«Тексеру жүргізу кезеңінде Шу ауданының ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі атқаратын лауазымдарынан шеттетілді.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Мұсабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс шығарылды.

Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын бұзуға жол берген басқа адамдарға қатысты да жұмыстан шығаруға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады», — делінген министрлік хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысының әкімімен өңірлік босандыру қызметі жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылады.

Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ведомство басшысы Тараз қаласында вице-министр Е.Нұрлыбаевтың төрағалығымен ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын өткізуді тапсырды, оның шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша жедел шаралар әзірлеу жоспарлануда.

«Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзушылықтарды жою мақсатында Жамбыл облысының барлық босандыру ұйымына мониторинг жүргізуге бастамашылық жасады.

Бұдан басқа, Шу көпбейінді орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің төсектерін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді өңірлендірудің II деңгейіне сәйкес келетін аудандық орталық аурухана деңгейіне ауыстыру жоспарланып отыр», — дейді ведомство.

Алдыңғы жаңалық

Болашақта Қазақстандағы «ЦОН»-дар түгел жабылуы мүмкін - Бектенов маңызды мәлімдеме жасады

Келесі жаңалық

Шымкентте мас қыздар жүргелі тұрған пойызға жармасып алып, апатты жағдай тудырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі