Әлеуметтік желіде дала қызғалдақтарын жұлып, автокөлігіне салып әкеткен әйелдің видеосы тарады. Қазір Түркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа кірген гүлді жұлған азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео Түркістан облысының Ордабасы ауданында түсірілген. Кадрдан байқағанымыздай, әйел далада өсіп тұрған Грейг қызғалдақтарын жұлып, бір құшақ гүлді жолда тұрған көлігінің жүксалғышына салып алған.
Айта кетері, дала қызғалдақтары Қызыл кітапқа енген. Өсімдікті жұлған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Қызғалдақты жұлғаны үшін 3 мың АЕК (11 796 000 теңге) айыппұл немесе қоғамдық не түзету жұмыстары көзделген.
Түркістан облысының полиция департаменті видеодағы әйелді іздеп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.