Шымкент қаласының тұрғыны салмағы 6 700 грамм батыр бала туды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл Шымкент қаласындағы ғана емес, Қазақстандағы сирек кездесетін дүние. Яғни, көбіне балалар 2-5 келі арасында туады. Отбасындағы алтыншы баланың денсаулығы жақсы.
«Қазір бала мен анасының жағдайы жақсы. Ең ғажабы, салмағы өте үлкен сәбиін анасы операциясыз, кесір тілігін жасатпай, өзі босанды», — деп хабарлайды Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, толағай баланың алдында төрт ағасы мен бір әпкесі бар.