aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Енді Қазақстандағы мектеп күзетшілері қару ұстай алады

19 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
Енді Қазақстандағы мектеп күзетшілері қару ұстай алады
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп күзетшілері үшін бірыңғай талаптар бекіді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

Мектеп күзетшілеріне қандай талаптар қойылған

Премьер-министрдің тапсырмасымен күзет қызметтерін сатып алу бойынша типтік конкурстық құжаттама әзірленген. Онда күзетшілерді іріктеудің нақты критерийлері, біліктілік деңгейі, инженерлік-техникалық жабдығының бар-жоғы сияқты талаптар қамтылған:

күзетшілердің жасы – 25 жастан 50 жасқа дейін;
арнайы дайындығы болуы;
қарумен жүруге және пайдалануға лицензиясы;
сотталмаған болуы;
кеңсесі болуы;
жедел әрекет ететін кем дегенде 2 тобы болуы шарт.
Сонымен қатар мектептерде төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері бекітілген. Оған сәйкес жылына кемінде екі рет міндетті түрде теориялық және практикалық сабақтар өтеді. Іс-шараға төтенше жағдайлар және ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері де қатысады.

Балалардың қауіпсіздігі қалай қамтылады

Үкіметтің ақпаратынша, қазір 6,6 мың балабақша, 6,6 мың мектеп пен 700 колледж қауіпсіздік жабдығымен жабдықталған. Сонымен қатар балабақша мен мектептерге лицензияланған күзет ұйымдары тартылған. Бүгінде 6,9 мыңнан астам нысанда лицензияланған күзет жұмыс істейді.

Бұған қоса білім беру мекемелерінде полицияның Жедел басқару орталығына қосылған цифрлық бейнебақылау камералары орнатылған. Бұл камераларда жазылып қалған ақпарат отыз тәулікке дейін сақталады. 2022 жылдан бері 20 мың білім беру ұйымында дәл осындай 220 мыңнан астам камера орнатылған.

Алдыңғы жаңалық

«Ата-әжелеріңізге ескертіңіздер»: миллиардер Рахымбаев сүтті шайдың зиянын айтып, дабыл қақты

Келесі жаңалық

Биыл Шымкентте 15 891 түлек мектепті аяқтайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі