aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қызғанамын, көз тиеді»: Досымжан Таңатаров әйелін 28 жыл бойы неге ел алдына шығармағанын айтты (ВИДЕО)

26 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
«Қызғанамын, көз тиеді»: Досымжан Таңатаров әйелін 28 жыл бойы неге ел алдына шығармағанын айтты (ВИДЕО)
0
SHARES
44
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елу жасына орай Астанада үлкен концерт берген әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров журналист Әйгерім Сейфолланың бағдарламасына сұхбат берген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әйгерім Сейфолла әншінің бұл жолғы концерті ерекше өткенін, концерт кезінде ел күткен де, күтпеген де жағдайлар болғанын айтып, сыр ақтарды. Соның ішінде журналист Досымжан Таңатаровтың залға лық толған көрермендердің көзінше әйеліне гүл сыйлаған сәтіне ерекше мән беріп, оның жары туралы сұрақ қойды.

Таңатаровтың айтуынша, журналистер мен әртүрлі шоу-бағдарламалар әншіні әйелімен бірге сұхбатқа көп шақырған екен.

«Оның өз болмысы эфирге құмар емес. Керісінше, бар нәрсесін маған береді, ештеме кимесе де, жемесе де, мен арқылы бәрін көрсеткісі келеді. Ал көрсетпей жүргенім – әйелімді қызғанамын. Көп жерге әйеліңмен бірге сұхбат берші деп. Әрине, күйеуімін ғой, барайық деп, қолынан сүйресем же апарамын, тілімді алады. Бірақ, оған өзі қаланып тұрған жоқ. Елдің көзі бар, сөзі бар», — дейді әнші.

Досымжан Таңатаров пен әйелі 28 жыл бұрын үйленген. Журналист Әйгерім Сейфолла «әйеліңізді 28 жыл дегенде әрең көрдік қой» деп әңгімені әзілге айналдырды. Таңатаров болса оның көп жетістігінің артында әйелінің еңбегі тұрғанын айтып, мақтанды.

«Мен негізі елден ерек ештеңе істеп жүрген жоқпын. Көзін көрген аталарымыз бен әкелеріміздің істегенін істеп жүрмін. Ошақ қасы тыныш ер адам жадырап жүре береді. Әйелдің де жадырап жүруі сөзсіз ер адамның арқасында. Бір-бірімен байланысты өмір. «Біз екеуміз» деген сөзден құдай ажыратпай-ақ қойсын», — дейді ол.

Концерттегі өзге де тосын оқиғалар

Айта кетейік, Досымжан Таңатаровтың Астанадағы концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлаған еді. Сондай-ақ Мейрамбек Беспаев концертте Досымжан Таңатаровқа арнайы домбыра сыйлап, көптің қошеметіне ие болды.

Алдыңғы жаңалық

МӘМС: Шымкентте 300-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

Келесі жаңалық

Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі