aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МӘМС: Шымкентте 300-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

25 мая, 2025
in Жаңалықтар
0
МӘМС: Шымкентте 300-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жыл басынан бері МӘМС қаражатының есебінен 300-ден астам жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық және нейрохирургиялық сынды күрделі операцияларға бағытталған.

МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын да кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда. Шымкенттік білікті дәрігерлер құрамы өткен жылы 1 жүрек, 2 бауыр және 10 бүйрек трансплантациясын жүргізген. Күрделі ота шығындары МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылады. Соңғы 5 жылда сондай-ақ Шымкент жүрек орталығында 20-ға жуық науқасқа жасанды жүрек отасы жасалған. Жалпы, биыл қаладағы медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 1400-ден астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету қарастырылған.

Медициналық сақтандырудың тиімділігі мен қолжетімді қызметтер туралы осы және өзге де маңызды мәліметтер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандарының қаладағы ірі жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесулері барысында түсіндірілді.

Қор филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарованың айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің де саны артқан. Шымкент қаласында бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 179 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік медициналық ұйымдар. Қор қаражатты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде азаматтарға медициналық ұйымдар көрсеткен медициналық көмек үшін төлем ретінде жіберіп отырады.

Айта кету қажет, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл – әлеуметтік жүйе. Жинақтаушы болып саналмайды. Сақтандырылған әр азамат керек кезде төлейтін жарна төлеміне қарамастан, барлық медициналық көмекті алуға құқылы. Қарапайым дәрігерлік кеңестен бастап, жоғары технологиялық көмек, узи, қымбат бағалы КТ,МРТ сынды медициналық көмекті ала алады.

Шымкентте тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Бүгінгі таңда 926307 азамат, яғни халықтың 80 пайызға жуығы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. 335402 адам сақтандырылмаған.

Азаматтар МӘМС жүйесіндегі мәртебелерін 1414 бірыңғай байланыс орталығының номері бойынша; msqory.kz сайтында; Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы; Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы; eGov.kz-тегі жеке кабинетте; Damumed медициналық ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте; Kaspi.kz, Halyk және BCC.kz мобильдік қосымшаларында тексере алады.

Алдыңғы жаңалық

Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды

Келесі жаңалық

«Қызғанамын, көз тиеді»: Досымжан Таңатаров әйелін 28 жыл бойы неге ел алдына шығармағанын айтты (ВИДЕО)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі