Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде бокстан Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан 5 алтынмен көш бастады
Жарыс Нидерландының Эйндховен қаласында өтті.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша біздің спортшылар 5 алтын және 3 қола медаль иеленді.
Турнир чемпиондары:
Даниял Сәбит
Абылайхан Жүсіпов
Ерасыл Жақыпбеков
Дәулет Төлемісов
Нұрлан Сапарбай
Қола жүлдегерлер:
Ертуған Зейнуллинов
Сабыржан Аққалықов
Сағындық Тоғамбай.
Өзбектер мойындамады
Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаевты жеңген болатын. Алайда Өзбекстан бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтің жеңісін мойындамады.
Айтуларынша, жекпе-жек тоқтатылғанға дейін спортшылар тең жұдырықтасқан.
«Қазақстандық боксшы жарақат алып, жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Төрешілер түсініксіз шешім қабылдады, раунд тең өтсе де, жеңісті 2:3 есебімен Қазақстанға берді», – деп мәлімдеді федерация.