aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Іскерлік-экономикалық байланыстарды нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды

11 июня, 2025
in Жаңалықтар
0
Іскерлік-экономикалық байланыстарды нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай еліне сапары барысында іскерлік-экономикалық байланыстарды нығайту мақсатындағы келісімдерге қол жеткізілді. Сапар барысында облыс басшысы ҚХР-дың Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Цисян Чжанды қабылдады. Кездесуде екі аймақ арасындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы Түркістан облысының әлеуетін таныстырды.
– Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық саласындағы маңызды әріптестерінің бірі. Бұл ретте Мемлекет басшыларының өзара тұрақты байланыстары екі елдің берік достығы мен тығыз қарым-қатынасының жарқын үлгісі. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы ТОП-5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Түркістан облысының табиғи климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Жібек жолының бойында орналасқан аймақ. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары және қажетті жұмыс күшін ұсына алады. Қазіргі уақытта біздің облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өңіріміздің негізгі инвестициялық алаңдары –
Бір топ инвестор мен делегацияны бастап келген Цисян Чжан қонақжай пейілмен қарсы алған өңір басшысына алғысын білдірді. Аймақты дамытуға инвестиция тартуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу барысында Түркістан облысы мен Хэйлунцзян провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қойылды.
Хэйлунцзян – Қытайдың солтүстік-шығысындағы аймағы, 30 миллионнан астам халқы бар. Ауыл шаруашылығы, өндірісі дамыған аймақ. Енді осы аймақ пен Түркістан облысы арасында іскерлік байланыс нығаяды.
Кездесуден кейін шетелдік инвесторлар облыстағы өндірістік алаңдарды аралап, әлеуетімен танысты.
Айта кетейік, соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал Түркістан облысының көрші елмен өзара тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 149 млн. АҚШ долларын құрады.
Сонымен қатар, сапар барысында Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытайдың Линьи қаласында орналасқан бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Көше жарығын қамтамасыз ететін жабдықтар шығаратын компания жоғары берік әрі ұзақ мерзімділікке негізделген металл тіректерді өндіреді. Бұл электр желілері мен қоғамдық жарықтандыру секторларында қолданылады. Көшелерге арналып арнайы LED шамдар мен толық жарық жүйелері шығарылады, қалалар мен өнеркәсіптік аймақтарды жарықтандыруға қолданылады.Күн сәулесінің жарықдиодты шамдары – күн сәулесін электр энергиясына түрлендіреді, экологиялық таза. Облыс әкімі Түркістан облысында жаңадан салынып жатқан зауыт, фабрикаларға ыңғайлы жарықтандыру құралдарын кеңінен пайдалану жолдарын қарастыруды құптап, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-қ, қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы Линьи қаласында орналасқан бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Делегация ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін «Shandong Huasheng Zhongtian» зауытымен, электр желілеріне арналған металл тіректерді шығаратын кәсіпорын және көше жарығын қамтамасыз ететін жабдықтар өндірісімен де танысты. Барлық өндірістік орындар заманауи технологиялармен жабдықталған және өнімдерін сыртқы нарыққа экспорттайды.
Түркістан облысында жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтыр өңірде 21 мыңнан астам көше шамы орнатылып, оның 14 мыңға жуығы бюджет есебінен, қалғаны демеушілік есебінен іске асырылды. Биыл қосымша 7 522 көше шамын орнату жоспарланған. Шетелдік жаңа технологияны өңірде қолдану жолдары қарастырылады.
Сондай-ақ облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация ауыл шаруашылығы техникасы көрме орталығына да барып, әмбебап бензин қозғалтқыштары, бау-бақша, саябақ және орман шаруашылығы техникаларының соңғы үлгілерін көрді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа өндірістер ашу, технология трансфері және кадрлар даярлау мәселелері бойынша нақты ұсыныстармен алмасып, келіссөздер жүргізді.
Түркістан облысы әкімдігі шетелдік серіктестермен тығыз байланыс орнатып, өңірге инвестиция тарту және жаңа өндірістерді іске қосу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат ретінде қойып отыр.
Сапар барысында делегация әлемге танымал «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» компаниясының зауытыттарына барып, смарт капсулалы үйлер, тасымалданатын модульдік құрылымдар және заманауи туристік инфрақұрылым нысандарының өндірісімен танысты. Компания мен BNK GROUP LTD ЖШС арасында капсулалы үйлерді құрастыру бойынша бірлескен жоба басталып кетті. Алдағы уақытта бұл үйлер Түркістанда «KHAN TAU» брендімен өндірілетін болады. Қазіргі таңда алғашқы дайын өнім Түркістан өңіріне жөнелтуге әзір.
4354

Алдыңғы жаңалық

Бейжіңде 20-дан астам компания басшыларымен кездесу өтті

Келесі жаңалық

ІІ халықаралық түркі әлемі сәулетшілері мен реставраторларының симпозиумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі