aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Одан сұрауға болмайды»: Өзбекстанның діни басқармасы ChatGPT туралы пәтуа шығарды

17 июня, 2025
in Uncategorized
0
«Одан сұрауға болмайды»: Өзбекстанның діни басқармасы ChatGPT туралы пәтуа шығарды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекстан Діни басқармасының пәтуа орталығы діни сұрақтардың жауабын ChatGPT-ден сұрамау керек деген пәтуа шығарды. Өйткені, бұл адам ойлап тапқан қосымша болғандықтан, кейде қате жауап береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Діни басқарма «діни сұрақтарға чат-боттар арқылы жауап алып, соның ақыл-кеңесіне сүйенсек бола ма?» деген адамның сұрағына жауап бере отырып, осындай пәтуа шығарыпты.

«Әрине, ChatGPT платформасы кейбір салаларда адамдарға пайдасын тигізіп жатады. Бірақ, ол діни сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, өйткені, оны адам ойлап тапқан», — деп мәлімдеген Өзбекстанның діни басқармасы.

Тіпті, Пәтуа орталығының мамандары ChatGPT кейбір сұрақтарға мүлде теріс жауап беріп, қате дереккөздерге сілтеме береді екен.

«Сондықтан, шариғатқа қатысты сұрақтарды тек теолог ғалымдар мен арнайы мамандардан сұрау керек», — деп жазылған пәтуада.

Жуырда дүние жүзінде ChatGPT жұмысында ақау шықты

Соңғы жылдары аса танымал болған ChatGPT чат-ботының жұмысында ақау пайда болды. 10 маусым күні таңертеңнен бері әлемдегі қолданушылар нейрондық желіден сұраулар жібере алмайтынын немесе жауап ала алмайтынын айтқан еді. Downdetector порталы ChatGPT проблемасы туралы есеп күрт өскенін тіркеді. Оның деректері бойынша, барлық тіркелген оқиғалардың 90%-ға жуығы қызметтің негізгі бөлігі – жауаптарды қалыптастырудың бұзылуына тікелей байланысты.

OpenAI ресми сайты ақау болғанын растады.

«Біз проблеманың пайда болғаны туралы білеміз және оны шешу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», — делінген пайдаланушыларға арналған хабарламада.

Қызметтің жаппай істен шығу себебі әзірге белгісіз.

Алдыңғы жаңалық

«Үйім де, жұмысым да жоқ»: Абзал Шынасылдың анасы 60 млн теңгені төлей алмайтынын айтты

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 3 ІРІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі