aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Алматыдағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі реформаларды қалай жүзеге асырмақ?

3 июля, 2025
in Uncategorized
0
Алматыдағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі реформаларды қалай жүзеге асырмақ?
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы тек құқық пен экономикалық өсімді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың сапалы моделін қайта қарауға серпін берді. Соңғы жылдары бұл бағытта Алматы қаласында мемлекеттік қызметті цифрландыру, кадрлық іріктеуді жетілдіру, әдеп нормаларын күшейту секілді бірқатар түбегейлі өзгерістер енгізіліп келеді. Біз осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Шынарай Әлімханмен сұхбаттастық.
– Шынарай Нұрланқызы, ең алдымен, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет жүйесіне ықпалы туралы айтып өтсеңіз. Бұл бағытта нақты қандай өзгерістер енгізілуде?
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 2024 жылғы 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыруға баса назар аударылды. Осы мақсатта 2024–2029 жылдарға арналған Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған, сервистік сипатта жетілдіруді көздейді. Яғни, басты құндылық – адам және оның қажеттілігі.
Алматы қаласында бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, HR саласын цифрландыру, инновациялық құралдарды енгізу бағыттары белсенді іске асуда. Мемлекеттік қызметке ерте кәсіби бағдарлау жұмыстары мектеп пен ЖОО деңгейінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, лауазымдық ротация кеңейтілуде және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бойынша ұсыныстар пысықталуда.
– Мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдету бағытында қандай нақты қадамдар жасалып жатыр?
– Бұл – қазіргі реформалардың негізгі өзегі. Мемлекеттік қызметке іріктеу барысы бүгінде барынша ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Осы мақсатта 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан бойынша мемлекеттік органдар конкурсты жаңа форматта өткізе бастады. Алматы қаласында 1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы және өкілді органдарда бос лауазымдарға онлайн түрде өтініш беру мүмкіндігі іске қосылады.
Бұл процестің ең басты ерекшелігі – «E-qyzmet» ақпараттық жүйесінің толық автоматтандырылуы. Үміткер тек интернеті, ЭЦҚ және веб-камерасы бар компьютер арқылы жүйеге кіріп, конкурсқа қатыса алады. Барлық қажетті мәліметтер – біліктілік, соттылық, құқықбұзушылық тарихы – жүйе арқылы автоматты түрде тексеріледі. Бұл адам факторын толығымен жояды.
– Онлайн жүйе арқылы өтетін конкурстың кезеңдері туралы кеңірек айтып берсеңіз. Бұл үміткер үшін қалай ыңғайлы?
– Үміткер тіркеліп, тестілеуден өткеннен кейін, жүйе автоматты түрде ең үздік үш кандидатты сарапшылар комиссиясына жібереді. Бұл комиссияның құрамына мемлекеттік орган өкілдерімен қатар, міндетті түрде тәуелсіз бағалаушылар енеді – олардың үлесі үштен бір бөліктен кем болмауы тиіс.
Сұхбат процесі де онлайн жүргізіледі: арнайы сілтеме арқылы бейнебайланыс жасалады. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін, жүйе барлық баллдарды сараптап, жеңімпазды автоматты түрде анықтайды.
Мұның барлығы шынайы бәсекелестік орнатуға және үміткерлердің тең жағдайда қатысуына мүмкіндік береді.
– Алматы қаласында өңірлік кадр резервіне іріктеу қалай өтті? Бұл механизмнің ерекшелігі неде?
– Мемлекеттік қызметтің стратегиялық кадрлық резервін қалыптастыру – кадр саясатының маңызды бағыты. 2024 жылдың 1 наурызында бүкіл елімізде өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды. Алматы қаласы бойынша нәтижесінде 30 резервші таңдап алынды.
Бұл резервке алынған азаматтар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалуға құқылы. Бүгінде солардың 8-і басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысы сияқты лауазымдарға тағайындалды. Бұл – жас мамандарға сенім білдіру, біліктілікке негізделген өсуді қамтамасыз ету деген сөз.
– Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жүйесі қандай қағидаттарға негізделген?
– Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау – өте маңызды мәселе. Бұл жұмыс 2018 жылғы №13 бұйрықпен бекітілген үлгілік әдістеме негізінде жүргізіледі. Бағалау персоналды басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған түрде өтеді. Қызметшінің жұмыс нәтижесі нақты индикаторлармен өлшенеді.
Бағалау қорытындысы негізінде көтермелеу, оқыту, ротациялау, лауазымда жоғарылату немесе жұмыстан босату туралы шешімдер қабылданады. Бұл жүйе әділ әрі нәтижеге негізделген басқару моделін қалыптастыруға сеп болуда.
– Мемлекеттік қызметтегі этика және әдеп мәселесіне келсек. Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы қалай ұйымдастырылған?
– Әдеп мәселесі – мемлекеттік қызметтің беделін айқындайтын фактор. Алматыда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Департамент Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді. Кеңес отырыстарында лауазымды тұлғалардың қызметтік әдепті сақтау деңгейі, жетістіктері мен кемшіліктері талданады. Нақты ұсынымдар беріліп, профилактикалық шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде өтеді. Әдеп жөніндегі уәкілдер институты жұмыс істейді. Бұл уәкілдер азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге консультация береді, Әдеп кодексін бұзу жағдайларын алдын алу бойынша жұмыс атқарады.

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

Жалғасы бар

Алдыңғы жаңалық

Сөзден іске: Алматыда басқарушы партияның бөлімшесі не бітіріп жатыр?

Келесі жаңалық

Сөзден іске: Алматыда басқарушы партияның бөлімшесі не бітіріп жатыр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі