Жалғасы
Жастар мен әлеуметтік осал топтарды (әсіресе мүгедектігі бар азаматтарды) қолдау бағытында қандай жобалар жүзеге асуда? Олардың тиімділігі қалай бағалануда?
Жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау – біздің партияның әлеуметтік бағыттағы ең маңызды басымдықтарының бірі. Бұл саланың нәтижелілігі тек көрсеткіштермен ғана емес, нақты адамдардың өміріндегі өзгерістермен өлшенеді. Сондықтан біз, депутаттар, бұл бағытта жүйелі әрі нәтижеге бағытталған жобаларды іске асыруға ерекше мән береміз.
Жастарды қолдау бағытында соңғы екі жарым жылда бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Мысалы:
• «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы 1263 жасотбасы баспаналы болды. Бұл жастардың қалада тұрақтап, отбасын құрып, экономикалық белсенділікке араласуына зорықпал етті.
• 22 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылып, 899 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді.
• 8 жастар комьюнити-орталығы ашылып, олар түрлі білімберу, кәсіптік бағдар және волонтерлік жобалардыңорталығына айналды.
• Сонымен қатар, 68 workout алаңдары, 6 спорттықкешен, жаңа мектептер мен шығармашылықорталықтары жастар үшін қолжетімді инфрақұрылымдыкеңейтті.
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау бағытында да маңыздықадамдар жасалды:
• Қаламызда инклюзивті орта құруға басымдық берілуде– қоғамдық орындарда пандустар мен арнайы бейімделгенинфрақұрылым талаптарға сай қайта жасақталуда.
• Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетуорталықтарында жеке кеңесшілер, ыңғайлынавигациялық жүйелер, арнайы әлеуметтік такси жәнеқолжетімді цифрлық сервистер енгізіліп жатыр.
• «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары арқылы тіркеудетұрған мыңдаған азаматтарға 696 мыңнан астам әлеуметтік, медициналық және құқықтық қызмет көрсетілді.
• Бұдан бөлек, білім беру және оқыту курстары, соныңішінде IT және қолөнер бағыттары бойынша, жұмысқаорналастыру бағдарламалары сәтті жүзеге асуда.
Бұл жобалардың тиімділігі тек санмен емес, кері байланысарқылы – яғни нақты азаматтардың өмір сапасыныңжақсаруымен, өз әлеуетін іске асыруымен бағалануда. Бізқоғамдық қабылдаулар, мониторингтік топтар арқылы әрбіржобаның шынайы әсерін бақылап, қажет болса түзетулеренгізіп отырамыз.
Жастар мен осал топтарды тек қолдау емес, қоғамныңтолыққанды мүшесі ретінде тарту – біздің бастымақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғаса береді.
Партия ішінде жаңару, жас кадрларды тарту және ашық саяси мәдениет қалыптастыру бағытында қандай жұмыс атқарылуда?
AMANAT партиясы жас кадрларды жүйелі түрде тартып, партия қатарына кәсіби мамандар мен белсенді жастарды қосуда.
Алматыда жас саясаткерлер мектебі, волонтерлік қозғалыс пен партиялық резерв жүйесі жұмыс істейді.
Пікір алмасу мен балама ұсыныстарға партия ішінде ашықтық бар – фракциялық жиындар мен стратегиялық сессияларда түрлі пікірлер тыңдалып, қаралады.
Бұл – партияның ішкі демократияға және саяси мәдениетке деген ұмтылысының көрінісі.
Алматы тұрғындарының басты мәселелері – тұрғын үй, экология, көлік, қауіпсіздік. Бұл бағытта партия қандай ұзақмерзімді, жүйелі шешімдер ұсынуда?
Алматылықтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі төрт мәселе – тұрғын үй, экология, көлік және қауіпсіздік – біздің партиямыздың қаладағы сайлауалды бағдарламасында негізгі басым бағыт ретінде айқындалған. Бұл салаларда тек жекелеген шаралар емес, ұзақмерзімді, жүйелі шешімдер қолға алынуда.
Тұрғын үй мәселесі бойынша:
Партияның бастамасымен «Алматы жастары», «Отбасы банкі» арқылы 2-10-20, 5-10-20 бағдарламалары, жалдамалы пәтерлер беру сияқты тетіктер іске қосылып, соңғы екі жарым жылда 8 мыңнан астам алматылық отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар, ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа, заманауи инфрақұрылымы бар тұрғын үйлер салу жұмыстары жалғасып жатыр. Ұзақмерзімді мақсат – әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту үлесін жыл сайын арттыру.
Экология бағытында:
Алматы – тау бөктеріндегі қала болғандықтан, экологиялық тепе-теңдік пен ауа сапасы біз үшін ерекше маңызға ие. Партияның бастамасымен:
• 542 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды,
• 6 қоғамдық кеңістік пен 3 жаңа саябақ ашылды,
• электрлі қоғамдық көлік (троллейбус, экологиялықтехника) саны артты,
• ТЭЦ-2-ні газға көшіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Бұл – қаладағы ауа сапасын жақсарту және жылу көздерінэкологиялық таза көздерге көшіру бағытындағы нақты әрістратегиялық қадамдар.
Көлік жүйесі бойынша:
Жол қозғалысы, кептеліс пен қоғамдық көлік – алматылықтардың ең жиі көтеретін мәселесі. Осығанбайланысты:
• 450 км жол жөнделіп, 50 км жаңа жол салынды,
• Қоғамдық көлік паркі 1200 жаңа автобус және 212 троллейбуспен толықты,
• Smart-жол жүйелері, автоматтандырылған басқаруорталықтары енгізілуде.
Ұзақмерзімді шешім ретінде – жаяу жүргіншілергеқолайлы инфрақұрылым, велосипед жолдары жәнежасыл көлік жүйесі қалыптасып келеді.
Қауіпсіздік мәселесіне келсек:
Партия бастамасымен:
• 8 сервистік полиция пункті ашылып, олардың 7-еуі толық жұмыс істеуде,
• 35 «SOS» батырмасы орнатылды,
• өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа техника мен өрт сөндіру депосы іске қосылды,
• 216 мектепте қауіпсіздік жүйелері (бейнебақылау, өртдабылы, кіруді бақылау) орнатылды.
Біздің ұстанымымыз – қауіпсіз, жайлы, экологиялық таза қала құру, және бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрдежалғасын табады.
Алматы – бір күндік жоспармен дамитын қала емес. Бізұзақмерзімді ойлап, нақты нәтижеге жұмыс істеп келеміз. Бұл істе басты серіктесіміз – қала тұрғындарының өздері.
— Тұшымды жауабыңыз үшін алғысымды білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін.
Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

