aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Алматыдағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі реформаларды қалай жүзеге асырмақ?

4 июля, 2025
in Uncategorized
0
Алматыдағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі реформаларды қалай жүзеге асырмақ?
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалғасы

– Әдеп жөніндегі уәкілдердің мәртебесі туралы оқырмандарға толығырақ айтып берсеңіз. Бұл институттың ерекшелігі неде?
– Әдеп жөніндегі уәкіл – бұл дербес лауазым иесі. Ол мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы көпір іспетті. Уәкілдің басты міндеті – заңнаманы сақтау, кеңес беру, заң бұзушылықтарды болдырмау. Олар тексеру комиссияларында, әкімдер аппараттарында, шет елдік мекемелерде де қызмет атқарады.
Қызметтік әдеп нормаларын бұзған жағдайда, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бірақ мұндай жағдайлар Алматыда сирек кездеседі – бұл профилактикалық жұмыстардың нәтижесі.
– Халықпен кері байланыс орнату қалай жүзеге асырылуда? Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстары қаншалықты ескеріліп отыр?
– Департамент құзыретіне азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенім деңгейін бағалау кірмегенімен, біз бұл бағытта диалог алаңдарын дамытып келеміз. Атап айтсақ, 2025 жылы «Ашық диалог» платформасында 5 интернет-конференция өткіздік. Мәселен, тәртіптік жауапкершілік, іріктеу жүйесі, «Sapaly qyzmet» Telegram-боты арқылы қызмет сапасын арттыру сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.
Мұндай шаралар қоғаммен байланысты нығайтып, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырады.
– Соңында, жаңа заң жобасы жайында айттыңыз. Бұл заң қандай бағыттарды қамтымақ?
– Иә, біз қазір «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеудеміз. Оның негізгі идеясы – мемлекеттік қызметтің миссиясы мен талаптарын жаңаша анықтау. Бұл тек техникалық қатынастар емес, моральдық өлшемдерге де негізделген заң болмақ. Мемлекеттік қызметші – бұл халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін тұлға. Сондықтан оның этикасы, жауапкершілігі заң деңгейінде нақты көрсетілуі тиіс.
Жаңа заң әділеттілік пен адамға бағдарланған қызмет моделін заңдық тұрғыда бекітіп, азаматтар мен билік арасындағы сенімді нығайтуға негіз болады деп сенеміз.
– Шынарай Нұрланқызы, Алматы қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі нақты қандай функцияларды атқарады?
– Департамент туралы ереженің 15-тармағының 19-тармақшасына сәйкес, біз Алматы қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің (Кеңес) қызметін қамтамасыз етеміз. Кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері тұрақты түрде қаралады.
– Кеңестің негізгі міндеттері қандай?
– Кеңестің негізгі функциялары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы кеңестері туралы ереженің 5-тармағына сәйкес белгіленген. Олар:
● сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу;
● қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің профилактикасын жүргізу;
● мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыру;
● әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын үйлестіру;
● тәртіптік комиссиялармен өзара іс-қимыл бойынша ұсынымдар беру.
– Кеңес отырыстарында кімдердің жұмысы қаралады?
– Ереженің 7-тармағына сәйкес, Кеңес отырыстарында жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалар, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдер тыңдалады. Олар атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Бұл кезде олардың жетістіктері мен кемшіліктері талданып, нәтижелі жұмыс үшін нақты ұсынымдар ұсынылады.
– Мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау бойынша қандай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде?
– Департамент мемлекеттік органдарда әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметке қатысты заңнамалар бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыстардың мақсаты – алдын алу, мәдениетті күшейту және құқықтық жауапкершілікті арттыру.
– Әдеп жөніндегі уәкіл институты туралы айтып өтсеңіз. Бұл лауазым қандай міндеттерді атқарады?
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Уәкіл – бұл арнайы лауазым иесі, ол:
● қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
● мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша кеңес береді;
● қызметкерлер мен азаматтарға консультация ұсынады.
– Әдеп жөніндегі уәкілдер қандай құрылымдарда міндетті түрде енгізілуі тиіс?
– Уәкілдердің дербес лауазымы:
● аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволары бар орталық мемлекеттік органдарда;
● облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.
Ал егер мұндай бөлімшелер болмаса, олардың функциялары әкімнің кеңесшісіне немесе мемлекеттік орган басшысының кеңесшісіне жүктеледі. Кеңесші болмаған жағдайда бұл міндет басқа мемлекеттік қызметшіге беріледі.
– Әдеп жөніндегі уәкіл кім бола алады?
– Уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі әрі беделге ие мемлекеттік қызметшіге жүктеледі. Бұл адамның әдеп нормаларын түсіндіру мен сақтауда үлгі бола алуы маңызды.
– Департамент уәкілдердің жұмысын қалай үйлестіреді?
– Департамент өз құзыреті шегінде әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етіп, олардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің 12-тармағына сәйкес, қызметтік әдеп стандарттарын бұзу – тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.
– Алматы қаласында мұндай бұзушылықтар жиі тіркеліп тұра ма?
– Жалпы, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша расталған өтініштер жиі кездеспейді. Бұл – профилактикалық жұмыстар мен қызмет мәдениетін арттыру бағытындағы кешенді шаралардың нәтижесі деп ойлаймыз.
– Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесіндегі реформаның Алматы қаласына әсері қандай және бұл өзгерістердің өңірлік деңгейдегі маңызы неде?
-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы Жарлық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түбегейлі қайта құруға бағытталған маңызды құжат. Бұл өзгеріс тек республикалық деңгейде емес, ірі мегаполис Алматы қаласы секілді стратегиялық өңірлерге де тікелей ықпал етеді.
Жаңа реформа аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, оның жедел-іздестіру функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қарауына өтеді. ҰҚК базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылып, Алматыдағы экономикалық, әкімшілік және әлеуметтік процестерге әсер ететін ірі жемқорлық деректерін тергеуге баса мән беріледі. Бұл, әсіресе, қалалық деңгейдегі құрылыс, жер қатынастары, коммуналдық сала, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелеріндегі заңсыз әрекеттермен күресте маңызды болады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілген стратегиялық және алдын алу бағыттар Алматы қаласында жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын күшейту, ашықтықты арттыру сияқты шараларды күшейтуді талап етеді. Алматыда орналасқан барлық мемлекеттік органда, соның ішінде қала әкімдігі, басқармалар мен департаменттерде әділеттілік пен есептілік қағидаттарын тереңірек енгізу – реформаның маңызды міндеттерінің бірі.
Алматы – елдің ірі экономикалық, саяси және қоғамдық орталығы болғандықтан, бұл реформаның нәтижелілігі осы қалада қаншалықты сәтті жүзеге асатынына да тікелей байланысты. Жемқорлықпен күрестің жаңа моделі өңірлік тәжірибеде нақты нәтижелер берсе, ол республика бойынша тиісті стандартқа айналмақ.
Үкіметке 1 қыркүйекке дейін тиісті заң жобасын Мәжіліске енгізу тапсырылды. Осы уақыт аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен Әдеп жөніндегі уәкілдер жаңа құрылымдық өзгерістерге дайындалып, ішкі процестерді қайта қалыптастыруы қажет.
Жалпы алғанда, бұл реформа Алматы секілді мегаполисте жемқорлық тәуекелдерін азайтып, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді өзгерістерге жол ашады.
– Қорытындылай келе, осы бағыттағы шаралардан қандай нәтижелер күтілуде?
– Барлық жоғарыда аталған жұмыстар мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, әділеттілікке негізделген басқару мәдениетін нығайтуға, әрі мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Бұл – «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына толық сәйкес келетін жүйелі өзгеріс.

Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар – тек құрылымдық өзгеріс емес, мемлекеттік қызметтің идеологиясына жаңа мазмұн беруге бағытталған қадамдар. Адами капитал, цифрлық трансформация, ашықтық пен әділеттілік ұғымдары – енді декларация емес, нақты іс жүзіндегі қағидаттарға айналып келеді. Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қалалық департаменті үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеуде.
Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

Алдыңғы жаңалық

Сөзден іске: Алматыда басқарушы партияның бөлімшесі не бітіріп жатыр?

Келесі жаңалық

“Ауыл әкімдері жауапты тұлға ретінде әрекет етуі тиіс”

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі