aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Серпін» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

18 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
«Серпін» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының жастарына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 13-20 шілде күндері аралығында өтеді. Бұл жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің PhD докторы Айдос Абаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті — «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университетте оңтүстік өңірлерден келген 3000-нан астам студент білім алуда. Мұнда түлектер педагогикалық, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салалары бойынша диплом ала алады. Студенттерге жатақхана, стипендия және жолақы қарастырылған. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 85%-ды құрайды» — деді Айдос Абайұлы.
Сонымен қатар, оңтүстік өңірлердің жастарын жоғарғы оқу орнында оқуға М.Қозыбаев университетінің Азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының оқытушысы Әлібек Серіков та арнайы шақырды. Қазіргі таңда аталған оқу орнында «Серпін» бағдарламасы арқылы 163 студентке грант бөлінгендігін айтты. Онда оқуға түскен жастар 100% жұмыспен қамтылып қана қоймай, шетелдерде өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік қарастырылған.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында сөз алған Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің аға оқытушысы Олжас Сауытов та өз оқу орнының артықшылықтарына тоқталды. Онда ҰБТ нәтижесінде 50 баллдан жоғары жинаған түлектерге «Серпін» бағдарламасы аясында 280 грант бөлінген. Сонымен қатар, ер балалар үшін әскери шен алып шығуға да жағдай жасалған. Сол сияқты А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Серпін» жобасы бойынша мемлекеттік грантқа түсуге шақырады. Осы мақсатта аталмыш жоғары оқу орнының өкілдері “Серпін-2050” жобасы арқылы университетке грантқа оқуға қалай түсуге болатындығы жөнінде түсіндірді. Мұндағы білім беру студенттерге болашақ жұмыс орнына назар аудара отырып, жеке оқу жоспарын құруға, үздік мұғалімдерді таңдауға, заманауи құрал-жабдықтарды қолдана отырып өндіріс жағдайында оқуға және бизнес-жобалар жасауды үйренуге мүмкіндік береді.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — бұл ішкі нарықтың қажеттіліктері мен халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім беру қызметін көрсететін жаңа нысандағы жоғары оқу орны.
Жаңғырту, корпоративтік мәдениетті дамыту, жүйелі әлеуметтік саясат арқылы елдің солтүстік өңіріне бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
2005 жылы Университет Сапа Алтын медалімен марапатталды (Женева, Швейцария). 2010 жылдың қыркүйегінде Университетке Қазақстанның 20 жоғары оқу орындарының арасында, Университеттердің Ұлы Хартиясына — Италиядағы Болон декларациясына қол қойылды.
Бүгінде өңір жастарының «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Оған дәлел, өткен жылы бағдарлама бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Олар еліміздегі 18 жоғарғы оқу орындарына жолданды. Қазіргі таңда Түркістан облысының аудан-қалаларында бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Негізінен серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады екен.
Айта кетейік, “Серпін” жобасының басты мақсаты — еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау. «Серпін» бағдарламасына мына аймақтардың түлектері қатыса алады: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстары. Еске сала кетейік, бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.
Гранттар мынадай облыстарда орналасқан ЖОО-ларға бөлінді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай облыстары.
Қазіргі таңда Серпін бағдарламасы бойынша Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына өтініштер қабылдау жалғасуда.
Қабылдау комиссиясында:
Павлодар – Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Өскемен – С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Арқалық – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Қарағанды – Қарағанды индустриялық университеті, А.Сағынов атындағы техникалық университет және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Көкшетау – Ш.Уалиханов атындағы университет және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Павлодар – С.Торайғыров университеті
Петропавл – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. Қабылдау мерзімі 20 шілдеге дейін жалғасады.

Алдыңғы жаңалық

Жүзім шаруашылығын дамыту қолға алына бастады

Келесі жаңалық

Кентау өндірісті аймаққа айналып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі