aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Жас мамандарға — 1 миллион теңге

19 июля, 2025
in Шытырман
0
Жас мамандарға — 1 миллион теңге
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде «Жас кеңес» сыйлығына өтініштер қабылданып жатыр. Конкурсты Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес ұйымдастырып отыр. Жас мамандарға арналған бұл конкурс биыл екінші рет болмақ. Конкурске кімдер қатыса алады және бұл конкурс несімен ерекше? Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Есқұлов Пердебек осы сұрақтарға жауап береді.
Оның айтуынша, «Jas Keñes Sıylığı» конкурсына кез келген салада еңбек ететін 35 жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады.
-Байқауға 14 пен 34 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Жоба түрлі салада белсенділік танытып жүрген жас мамандарды қолдауға бағытталған. Қатысушылардың арасында тазалық саласының қызметкерлері мен құтқарушылардан бастап, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, креативті индустрия, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы мен өндіріс өкілдері бар. Биыл номинациялар саны артты – бұрынғы 7 аталымға 3 жаңа бағыт қосылып, жалпы 10 номинация бойынша үздіктер анықталады. Атап айтқанда: «Janqıarlyq» – ішкі істер және қарулы күштер саласының қызметкерлеріне, «Altyn jürek» – медицина саласына, «Önerkäsıp» – өнеркәсіп саласына, «Bolaşaq turaly qamqorlyq» – әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілерге, «Bılım jäne Ğylym» – білім және ғылым саласының мамандарына, «Qaisar» – төтенше жағдай қызметкерлеріне, «Altyn qol» – жұмысшы мамандық иелеріне, «Zharyq» – энергетика саласына, «Örken» – агроөнеркәсіп саласына, «Örleu» – ақпараттық-коммуникациялық технология саласының үздіктеріне арналған. Барлық номинация – маңызды, себебі олар жастардың дамуын, қоғамға қосар үлесін және белсенділігін көрсетеді. Бұл байқау — әр жастың өз қабілетін танытып, мойындалуына мүмкіндік беретін тамаша алаң», — дейді Ескулов Пердебек.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасарының айтуынша, конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады.
«Алдымен өтінімдердің толықтығы мен дұрыс толтырылуы техникалық тұрғыдан бағаланады. Екінші кезеңде комиссия мүшелері келіп түскен анкеталарды жеке-жеке қарап шығып, әр номинация бойынша кемінде бес үміткерден тұратын қысқа тізімді жасайды. Үшінші кезеңде осы үміткерлер комиссиямен офлайн немесе онлайн форматта сұхбаттасады. Сұхбат нәтижесіне қарай ең жоғары балл жинаған екі қатысушы әр номинация бойынша жеңімпаз атанады», — дейді ол.
Байқау нәтижесінде 10 номинация бойынша 20 жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысы 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болады.
-Бұл байқау жастарды нақты әрекетке итермелейтін, мақсат қою мен соған жетуге мүмкіндік беретін тиімді құрал. Қаржылай қолдау – үлкен мотивация: Көптеген жас үшін мұндай сома – өз идеясын жүзеге асыруға, жобасын бастауға немесе кәсіби біліктілігін арттыруға нақты мүмкіндік. Сонымен қатар, ол – еңбектің бағалануы. Бұл жасқа жауапкершілік пен сенімділік береді, сондай-ақ, келесі жолы қатысушылар саны артады», — дейді маман.
Пердебек Сержанұлының айтуынша, конкурс мақсатының бірі — еңбек адамдарын марапаттау. «Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі мен ерлігі отандастарының көпшілігіне көрінбейтін жас қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында беріледі. Барша жас мамандар мен белсенді жастарды «Jas Keñes Sıylığı» байқауына қатысуға шақырамын. Байқау — бұл өз-өзіңді көрсету мүмкіндігі. Сенімді бол және белсенділік таныт, өз жұмысыңа сен, және басқа жастарға шабыт сыйла», — деп қорытындылады ол.
Сондай-ақ, «Jas Keñes Sıylığı» байқауы туралы ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Озода Маннопова арнайы брифинг те өткізді. Оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық — еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады.
Сондай-ақ баспасөз жиынында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Маратұлы байқаудың ережелері туралы баяндады.
«Сыйлыққа үміткер болу үшін еліміздің 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылдың 20 шілдесіне дейін https://www.jas-kenes.kz/application сілтемесі арқылы беруге болады. Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинацияда 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі. Сыйлық пен кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан біле аласыздар»-деді спикер.

Алдыңғы жаңалық

Жастар ұйытқы болатын іс-шаралар көп

Келесі жаңалық

Балық шаруашылығын дамыту – басты міндет

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі