Жастар өмірі қозғалысты қажет етеді. Өйткені олар алға ұмтылады, креативке әуес, жаңашылдыққа жаны құмар. Сондықтан жастардың күнделікті өмірі жаңаша бастамаларға толы болуы тиіс. Айтқанымыздай, Түркістан облысында бұл бастамалардың басында Жастар ресурстық орталықтары белсенді жұмыс істеп келе жатыр. Орталықтардың да жұмысын бір реттеп, есеп бермеске болмайды. Әр жарты жыл сайын атқарылған жұмыстарға бір көз қырын салып, көпке есеп беру әдепкі дәстүр. Осы дәстүр бойынша, орталық басшылары да алты айлықтың қорытындысын жасады.
Түркістан облысы жастарының 2025 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша «Үйлестіру кеңесі» өтіп, оған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, аталған мекеменің басшы орынбасары Ескулов Пердебек Сержанұлы және аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары мен облыстық бөлім басшылары қатысты.
Жиында «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы Бимахамбет Дінислам, “Жастар ресурстық орталығы” КММ мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша, 2025 жылдың 6 айлық қорытындысымен психологиялық көмек көрсету бойынша «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психолог маманы Өміртаева Жансая және талантты жастарды қолдау бағытында атқарылған іс-шаралар бойынша «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Жүрсін Нұрболат, «БАҚ-пен және қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Мархабаев Нариман 2025 жылдың 6 айлық қорытындысы нәтижесінде аудан, қаланың әлеуметтік желідегі белсенділігі бойынша баяндама жасады.
Жиын барысында Ернар Нұралыұлы, биыл аудан қалалық жастар орталықтарының жоспарлы түрде жастармен жұмысты күшейту керектігін жеткізді. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ай сайын және 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» қарсаңында, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл соңына дейін кем дегенде бір іс-шара ұйымдастыруды, аудан, қала жастарының өңір басшысымен кездесуін және 12-тамыз «Халықаралық Жастар күні» мерекесіне орай аудан, қала жастарын марапаттауды, әлеуметтік желінің аясын кеңейтуді тапсырды.
Есеп бергендей, әр істің басында жастар жүретіні сөзсіз. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар насихатсыз қалып қоймауы тиіс. Бұл ретте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарында жастарға және олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарын таратты.
Іс-шараның басты мақсаты — жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру болып табылады.
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.
Жастар туризмді насихаттайды. Өйткені Қазығұрт өңірі туризмге сұранып тұрған аймақтың бірі. Ал мұны байқаан аудан жастары Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар шыңы – 2025» атты облыстық іс-шарасын өткізді. Мақсаты — Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баурайында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ішкі туризмді насихаттауға бағытталған.
Шараның ашылу рәсімінде Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, “Бүгінгі шара – жастарды бір мақсатқа ұйыстырып, олардың достық қарым-қатынасын арттыратын, елжандылық пен ұйымшылдыққа тәрбиелейтін маңызды бастама” – деді.
Аталмыш шараның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ішкі туризмді дамыту, спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, облыс жастары арасында достық пен ынтымақтастықты арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Жастарға құлаққағыс, 2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Қазақстанда Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттың мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттiк қолдау.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап, 18 тамыз аралығында (18 тамыз, сағ.: 24:00-ге дейін) turpkatary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

