aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістаннан — Абай еліне

30 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Түркістаннан — Абай еліне
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысынан 540 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Абай облысына жол тартты. Керуенде көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері бар. Атап айтқанда, картоп — 194,0 тонна, бақша — 81,0 тонна, жеміс-жидек — 71 тонна, қымыран, қаймақ, сары май, қымыз, айран, ірімшік, әсел, шырын, сусындар, шұжық, жұмыртқа, балық тағы басқа секілді 167,0 тонна өнім жеткізіледі.
Мақсат — 2-3 тамыз күндері Семей қаласында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне қатысып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарларын нарықтағы құнынан арзан бағада ұсыну. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қос облыстың ынтымақтастық келісіміне сәйкес және оңтүстіктен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.
Керуенге сәт-сапар тілеу үшін жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков, 17 аудан және қаладан жауапты өкілдер арнайы келді. Жәрмеңкеге Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері атсалысуда. Ауқымды бастама аясында екі күнге ұласатын «Түркістан облысының мәдени күндері» концерттік бағдарламасы жоспарланған. Түркістандық тауар өндірушілер мен өнерпаздар Абай облысының тұрғындары мен қонақтары «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде асыға күтеді.
Түркістан облысы — агроөнеркәсіптік кешен саласында еліміздегі жетекші аймақ. Республика көлемінде жалпы өнімнің 14,2%-ы өңірдің еншісінде. Биыл қаңтар-маусым айдарында 253,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,7%-ды құрады. Негізгі капиталға 82,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға ұлғайып, 890 мың гектарға егілді.
Сондай-ақ, қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында 2-3 тамыз күндері Түркістан облысының мәдени күндері өтеді.
Ауқымды шара аясында — қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, облысымыздың белгілі өнерпаздардың қатысуымен мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады. Іс-шара «Абай аренада» таңғы 09:00-де басталып, кешкі 19:00-ге дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының дана ойшылы, кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтау мақсатында 1-10 тамыз аралығында «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты Абай онкүндігін өткізу жоспарланып отыр.
1 тамыз күні «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты онкүндіктің ресми ашылуы салтанаты.
2 тамыз күні «Абай – қазақтың рухани ұстазы» атты әдеби талдау кеші. Ақын шығармалары оқырмандар аудиториясымен бірге талқыланып, негізгі философиялық-эстетикалық идеялары зерделенеді.
3 тамыз. «Табиғат, таң қаламын тамашаңа» сурет салу байқауы. Абай шығармаларындағы табиғат пен адам болмысын бейнелеуге арналған сурет салу сайысы өткізіледі.
4 тамыз. «Абай даналығы – халық мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция. Абай Құнанбайұлының философиялық және әдеби мұрасы туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланады.
5 тамыз күні «Көзімнің қарасы…» тақырыбында оқырман аудиториясымен бірге Абай әндері орындалып, ән кеші өткізілелі.
6 тамыз. Кино күні «Абай жолы» немесе Абай туралы деректі фильмдер көрсету, көрсетілім соңында пікір алмасу, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылады.
7 тамыз. Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының жылжымалы пунктерінде «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты әдеби кеш ұйымдастырылады
8 тамыз күні «Абайды білесің бе?» тақырыбында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша викториналық сайыс ұйымдастырылады.
9 тамыз. «Абай әлемі» көрме жасақталып, халық көп шоғырланатын орындарда (қоғамдық орындарда, алаңдарда) Абай туралы әдебиеттермен таныстырылады.
10 тамыз күні «Абаймен ойлан, Абаймен толған» тақырыбындағы кеңейтілген кітап көрмелері жасақталады. Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойылып, онкүндік қорытындыланады.
Онкүндік аясында өтетін мәдени-ағартушылық іс-шаралар топтамасы арқылы ұлы ақынның қара сөздері мен поэзиясы кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың әдеби-көркем ойлау қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды бағалау және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру көзделіп отыр.
Иә, бұл күн тарих пен руханият тоғысқан күн болғалы тұр. Бұл күн — Абай өмір сүрген ортасын, мұрасы мен шығармашылығын еске алып, бір толғайтын күн. Бұл күн — қазақ поэзиясы көкке шарықтайтын күн. Бұл күн – қазақтың қара сөзін қадір тұтатын күн. Сондықтан, сіз де қапы қалмаңыз. Облыстық кітапхана барша әдебиетсүйер қауымды тағылымы мол шараларға белсенді қатысуға шақырады.

Алдыңғы жаңалық

Аймақтарда жаңа жобалар қолға алынды

Келесі жаңалық

Жастардың өмірі жаңа бастамаларға толы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі