aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Тұрғындардың шағымынан кейін Атырау МӨЗ маңында ауадағы зиянды заттардың шекті мөлшерден асқаны анықталды.

27 января, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет, Өңірдегі өзгеріс
0
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) қатысты жоспардан тыс тексеру басталады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мәлімдеді.

Комитеттің хабарлауынша, 25 қаңтар күні Атырау облысының экология департаментіне зауытқа жақын орналасқан Алғабас және Сая елді мекендерінің тұрғындарынан шағымдар түскен. Тұрғындар ауада күкірттің өткір иісі сезілетінін айтқан.

Осыған байланысты департаменттің зертханалық-талдамалық бөлімінің мамандары ауа сынамаларын алды. Сонымен қатар мониторингті «Қазгидромет» мекемесінің жергілікті филиалы да жүргізді.

Зерттеу нәтижесінде Атырау қаласының бірнеше ауданында ауадағы ластаушы заттардың — күкіртсутек пен көміртек тотығының шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кеткені анықталды.

Ең жоғары көрсеткіштер мына аумақтарда тіркелді:

  • Тасқала ауылында — 17,5 есе;
  • Химпосёлок ауданында — 36 есе;
  • Тасқала ауылына жақын аумақта — 15 есе.

Аталған аумақтар Атырау мұнай өңдеу зауытына тікелей жақын орналасқан. Ауа сынамалары алынған сәтте жел солтүстік-шығыс бағытта соғып, ылғалдылық деңгейі жоғары болған. Бұл жағымсыз иістің тұрғын аймақтарға таралуына әсер етуі мүмкін.

Комитет өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қабылданатын шаралар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау тұрғындары қаланы жайлаған жағымсыз иіске шағымданған болатын. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары бас ауруы мен денсаулықтың нашарлағанын да жазып жатыр.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстан Президенті Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады

Келесі жаңалық

Павлодарда зейнеткердің түскі асы клиникалық өліммен аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі