aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Павлодарда зейнеткердің түскі асы клиникалық өліммен аяқталды

Павлодарда дәрігерлер жүрегі үш минут соқпай қалған зейнеткер әйелді аман алып қалды.

27 января, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар қаласында дәрігерлер зейнеткер әйелді қайта тірілтті. Оның жүрегі үш минут бойы соқпай қалған.

Оқиға 25 қаңтар күні қарттарға арналған жергілікті пансионатта болған. Ас ішу кезінде мекеме тұрғындарының бірі кенеттен тұншыға бастаған — тамақтың бір бөлігі оның тыныс алу жолын жауып қалған.

Пансионат қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Сол сәтте әйел клиникалық өлім жағдайында болғаны Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

«Медициналық қызметкерлер науқастың тыныс алу жолдарын дереу босатып, реанимациялық шараларды бастады», — делінген хабарламада.

Зейнеткер әйелді өмірге қайта әкелгеннен кейін ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, шұғыл түрде №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Екі күннен соң науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі таңда әйел дәрігерлердің бақылауында, жағдайы жақсарып келеді.

Алдыңғы жаңалық

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Келесі жаңалық

«Бір минутқа шығып келемін»: Алматыда көлік ұрлау қалай жүзеге асатынын көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі