aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қостанай облысында жеке сот орындаушысына шабуыл жасалды

Қостанай облысында жеке сот орындаушысына шабуыл жасалды. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы хабарлады.

5 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Палата таратқан мәліметке сәйкес, 4 ақпанда алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер жеке сот орындаушысына шабуыл жасап, оның сол жақ бет тұсынан кесетін затпен жарақаттаған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылдың себебі — алимент өндіру бойынша жүргізілген әрекеттер және борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту. Жеке сот орындаушысына медициналық көмек көрсетілуде. Шабуылдан кейін алимент бойынша борышкер қашып кеткен, алайда құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Оның екі баласына қатысты алимент қарызы 318 326 теңгені құрайды», — деп мәлімдеді палата өкілдері.

 

Палатаның ұстанымы

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы орын алған шабуылды қатаң айыптап, кінәлі тұлғаны заң аясында қатаң жауапкершілікке тарту мақсатында әділ әрі ашық тергеу жүргізуді талап етті. Сондай-ақ палата жеке сот орындаушыларының өз қызметін атқару барысында ерекше қауіп-қатерге тап болатынын ресми түрде мойындау қажеттігін атап өтті.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда жеке сот орындаушылары мен олардың отбасыларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде денсаулығына зиян келген немесе қаза тапқан жағдайда қандай да бір әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылмаған. Ал мұндай кепілдіктер мемлекеттік сот орындаушылары үшін көзделген», — деп қосты палатада.

Бұған дейін

Еске салсақ, өткен жылдың соңында Шымкент қаласында 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылған болатын. Тексеру барысында олардың борышкерлерге елден шығуға салынған шектеулерді заңсыз алып тастағаны, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізулерді заңсыз қозғағаны анықталған. Кейбір жағдайларда бұл құжаттар сот орындаушылары демалыста жүрген кезде олардың көмекшілері арқылы рәсімделген.

Сондай-ақ 5 желтоқсанда Алматы қаласында жеке сот орындаушысы 370 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Алдыңғы жаңалық

Халыққа қызмет көрсету орталығы «әдемі» нөмірлерге қатысты тағы бір жақсы жаңалық айтты

Келесі жаңалық

Ғалымдар рактің алдын алуға болатын себептерін атады — зерттеу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі