aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Енді кез келген шетелдік әнші Қазақстанға келіп концерт бере алмайды

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Енді кез келген шетелдік әнші Қазақстанға келіп концерт бере алмайды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда шетелдік әншілердің гастрольдік сапарларына қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді концерт ұйымдастыру бұрынғыдай билет сатудан емес, келісімшарт жасаудан басталады, ал мемлекеттік органдар әндердің мазмұнына назар аударады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді,деп хабарлайды Aggregaror.kz Azattyq Ruhy басылымына сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, бұрын шетелдік әртістер Қазақстанның белгілі бір қаласына гастрольдік сапармен келген кезде, концерт өтетін алаңды тауып, ешқандай келісімшарт жасамастан билет сатуды бастап кететін. Билеттер сатыла бастаған соң ғана келісімшарт бекітіп, әкімдікпен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізетін. Ал әкімдіктер мен мәдениет министрлігі шетелдік әншінің Қазақстанда концерт бергенін көбіне әлеуметтік желіден білетін.

Кочетовтің пікірінше, мұндай практика дұрыс емес әрі әлемдік стандартқа сай келмейді.

«Енді механизм өзгереді. Гастрольдік тур аясында белгілі бір қалада концерт беруді жоспарлаған сәттен бастап, ең алдымен, келісімшарт жасалуы тиіс, тиісінше әкімдікпен жұмыс басталады. Біз де өз тарапымыздан осы құжаттарға назар аударамыз, жергілікті атқарушы органдарға көмектесеміз. Ал келісімшартта шетелдік әртіс үшін міндетті талаптар жазылады және ол оны бұзбауы керек. Бұл міндеттемелер, ең алдымен, орындалатын әндердің мазмұнына қатысты болады. Олар еліміздің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмеуі керек, порнографияны немесе есірткіні насихаттамауы тиіс», – деп атап өтті Кочетов.

Егер әндердің мазмұнынан заңға қайшы контент анықталмаса, әртіс Қазақстанда өнер көрсетуге құқылы. Ал егер ән мәтіндерінде тыйым салынған тақырыптар болса, мемлекеттік органдар оларды орындамау жөнінде ұсыныс береді.

Айта кетері, бүгін Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Оған сәйкес, ұйымдастырушылар шетелдік әртістердің қатысуымен өтетін концерттер мен мәдени іс-шараларды кемінде 30 жұмыс күні бұрын алдын ала келісуі керек. Келісу тәртібін арнайы уәкілетті орган белгілейді. Егер тыйым салынған контент анықталса, бұл концертті өткізуге тыйым салуға немесе уақытша тоқтатуға негіз болады.

Алдыңғы жаңалық

Ғалымдар рактің алдын алуға болатын себептерін атады — зерттеу

Келесі жаңалық

Құлсарыда 10-сынып оқушысы балта ұстап, қатарластарына шабуыл жасады: екі бозбала жараланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі