aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда концерттер алдында шетелдік әртістердің әндері тексеріледі

Қазақстанда шетелдік әртістердің гастрольдерін ұйымдастыру тәртібі өзгереді. Енді билет сату басталмай тұрып, ұйымдастырушылар міндетті түрде келісімшарт жасап, әкімдіктермен жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Не болды

Бүгін Сенатта «Креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

Құжат бірден төрт заңға өзгеріс енгізеді:

  • «Мәдениет туралы»,
  • «Кинематография туралы»,
  • «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»,
  • «Мемлекеттік мүлік туралы».

Жаңа заңда креативті индустрия қызметкерлерінің құқықтары бекітіледі, уәкілетті орган мен әкімдіктердің өкілеттіктері кеңейтіледі. Сонымен қатар, шетелдік әртістердің қатысуымен өтетін мәдени-көпшілік іс-шараларды кемінде 30 жұмыс күні бұрын келісу міндеті енгізіледі. Егер тыйым салынған мазмұн анықталса, іс-шараны тыйым салуға немесе уақытша тоқтатуға мүмкіндік беріледі.

Кино саласында прокат куәлігін қарау мерзімі 7 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады, прокат алдындағы сараптама енгізіледі және фильмдердің жас ерекшелік санатын айқындау тәртібі белгіленеді.

Толығырақ

Сенат кулуарында вице-министр Евгений Кочетов бұрын промоутерлер келісімшартсыз-ақ билет сатуды бастай алатынын, ал әкімдіктер гастрольдер туралы сату басталғаннан кейін, кейде әлеуметтік желілерден ғана білгенін айтты.

«Енді тетік мынадай болады: гастрольдік тур аясында белгілі бір қала жоспарлана салысымен, ең алдымен келісімшарт жасалуы керек және сол сәттен бастап жергілікті әкімдікпен жұмыс басталады. Біз өз тарапымыздан осы құжаттарға назар аударамыз», — деді ол.

Вице-министр келісімшарттарда әртістің міндеттемелері, соның ішінде орындалатын әндерге қойылатын талаптар нақты көрсетілетінін атап өтті.

«Бұл міндеттемелер ең алдымен орындалатын композицияларға қатысты болады: олар еліміздің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмеуі тиіс, порнографияны, есірткі қолдануды немесе өзге де заңға қайшы мазмұнды насихаттамауы керек», — деді Кочетов.

Журналистердің шығармашылығында тыйым салынған тақырыптар бар әртістер Қазақстанға келе ала ма деген сұрағына ол, ведомство мұндай жағдайда ондай әндерді орындамауға кеңес беретінін айтты.

Бұған дейін Қазақстанда қыз алып қашу тақырыбындағы әндерге тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Алдыңғы жаңалық

Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын жұлып әкетті: видео

Келесі жаңалық

Алматылык академиялык кауым жана Конституция жобасын колдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі