
Алдын ала мәліметке сәйкес, ол мұғалім мен сыныптастарына қарай бірнеше рет оқ атып, сонымен қатар петарда жарған. Сол күні мектепте жоспарлы оқу дабылы (тревога) өтуі тиіс болғандықтан, көп адам бастапқыда жағдайдың шынайы қауіпті екенін бірден түсінбеген.

Башқұртстанның Тергеу комитеті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу бірнеше бап бойынша жүргізіліп жатыр, оның ішінде салғырттық (қызметтік немқұрайлылық) фактісі де бар.
Уфа қаласының әкімі бұл жағдайға пікір білдіріп, жасөспірімнің сыныптастары тарапынан буллингке (қорлауға) ұшырағанын айтты. Оның сөзінше, дәл осы жағдай болған оқиғаға түрткі болуы мүмкін.

