aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мектептен кейін балалардың өмірі үшін мұғалім жауапты болмайды: Қазақстанда жаңа заң қабылданады

25 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Мектептен кейін балалардың өмірі үшін мұғалім жауапты болмайды: Қазақстанда жаңа заң қабылданады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаттары мұғалімдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобаларын әзірледі. Құжатта мұғалімдердің жауапкершілік шегін нақтылау, артық жүктемені азайту, қосарланған есептілікті жою және педагогтің құқығын бұзғандарға қатысты санкцияларды күшейту көзделген, деп хабарлайды Aggregator.kz Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасай отырып.

«Біріншіден, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін тек оқу процесі барысында айқындау көзделіп отыр. Яғни сабақтан тыс, кешкі уақытта, каникулда жауапкершілік ата-аналардың міндетінде болуы тиіс. Бұл бағытта президенттің тамыз кеңесінде берген тапсырмасы да бар. Екіншіден, педагогтерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу. Үшіншіден, есептілікті бір мезгілде екі форматта – қағаз және электронды түрде жүргізуге тыйым салу. Есеп беру тек бір форматта жүргізілуі тиіс», — деді Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов жалпы отырыста.

Төртіншіден, оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске педагогтің құқықтарын бұзғаны үшін санкцияларды күшейту туралы нақты нормалар енгізу ұсынылған.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарап, тиісті қорытынды әзірлейді.

Алдыңғы жаңалық

Атырауда ВИЧ-ке шалдыққан екі трансвестит ауруын біле тұра ақшаға интим қызмет көрсеткен

Келесі жаңалық

Алматыдағы қоғам белсенділері жаңа Конституцияны қолдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі