Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Су ресурстары және Ирригация министрлігі «Tasqyn»» ақпараттық жүйесін жасап шыққан еді. Министрліктің ресми сайтында бұл жүйені «төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін болжамдар жасауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйені Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Төтенше жағдайлар министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп әзірлеуде.
Қазіргі уақытта су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Осы әдістемеге сәйкес, уәкілетті органдар ақпараттық жүйеге су қоймаларындағы су деңгейі, су жіберу көлемі және гидрометеорологиялық болжамдар сияқты деректерді енгізеді. Жиналған деректер негізінде жүйе су тасқынының ықтимал сценарийлерін модельдейді», — деп насихатталған.
Бірақ жеме-жемге келгенде, мақтаулы жүйе істемей қалды.
«

