aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Дүмпу

British Petroleum Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

2 апреля, 2026
in Дүмпу
0
British Petroleum Қазақстанға қайта оралуы мүмкін
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада өткен «Geoscience & Exploration Central Asia» халықаралық геологиялық форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен BP Exploration Operating Company Limited (British Petroleum) арасында геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы ниет келісіміне қол қойылды.

Келісімге сәйкес, тараптар Маңғыстау облысындағы болашағы зор Үстірт блогын бірлесіп зерттеп, оны игеру мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл жоба Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа перспективалы бағыттардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Құжатқа қол қою екіжақты әріптестіктің жаңа кезеңін бастайды. Сарапшылардың пікірінше, серіктестіктің қайта жандануы геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге жол ашып, елдің ресурстық базасын нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, British Petroleum компаниясы Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істемеген. Ол кезде компания Қарашығанақ және Каспий құбыр консорциумы жобаларынан шыққан болатын. 2019 жылы BP Қазақстан нарығына қайта оралу мүмкіндігін қарастырғанымен, мұнай бағасының құбылуы мен пандемия жағдайына байланысты бұл жоспар жүзеге аспады.

Қазіргі келісім BP-дің Қазақстанға қайта оралуына бағытталған алғашқы нақты қадамдардың бірі болуы мүмкін.

Алдыңғы жаңалық

Тарифтер тағы өсе ме?

Келесі жаңалық

Қазақстанда кедейлік деңгейі өршіп барады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі