aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

17 кәсіпорын жұмысшыларының жалақы қарыздары өтелді

1 июня, 2022
in Шытырман
0
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

17 КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ӨТЕЛДІ
Шымкентте жыл басынан бері қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің қадағалауымен 17 кәсіпорында 1200-ден астам жұмыскердің жалақы қарызы өтелді, деп хабарлайды saraptimes.kz. Жұмыс берушілердің жалпы еңбекақы қарызы 200 миллион теңгеден астам қаржыны құраған. Бұл туралы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысында мәлім болды. Қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жұмыс берушілер және қалалық кәсіподақ өкілдері қатысқан комиссия отырысында азаматтардың еңбек құқығын қорғауға байланысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы әрі толық төленуі, еңбек қауіпсіздігі, жазатайым оқиғалардан сақтандыру басты назарда. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжановтың айтуынша, қазіргі таңда жұмыскерлерді сақтандыру аса маңызды. Өйткені, құрылыс саласында ауызша келісім және қызметтер көрсету шарттарының түзілу салдарынан қауіпті жұмыста еңбек ететін жұмыскерлер сақтандыру жүйесінен тыс қалуда. Осы бағытта ішкі еңбек нарығын қорғау, көлеңкелі экономикадағы еңбек табыстарын ресми бағыттарға өткізуді көздейтін ұсыныстар мен төмен жалақы деңгейін көтеру туралы ұсыныстар әзірленбек. Жиын барысында сондай-ақ, «Еңбек-елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және «Еңбек жолы» конкурсын өткізу мен «Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралардың орындалуы талқыланды. Айта кетейік, 2021 жылы 2 мыңдай жұмыскердің жалақы қарызы өндірілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Келесі жаңалық

Шымкенттік ХҚО арқылы қамқоршылыққа 40-қа жуық өтініш берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі