aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Шымкенттік ХҚО арқылы қамқоршылыққа 40-қа жуық өтініш берілді

1 июня, 2022
in Шытырман
0
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың басынан бастап Шымкент ХҚО-ры арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 40-қа жуық қызмет көрсетілді.

Еліміздің заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетім не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Әдетте мұндай жағдайларда жақын туыстар қамқоршы болады, бірақ қамқор адамдар да қамқоршылыққа өтініш бере алады.

Балаларды қорғау күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы қамқоршылыққа алуға өтінішті екі тәсілмен беруге болатынын еске салады: eGov.kz порталы арқылы немесе ХҚО арқылы.

ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін құжаттарды салыстыруға түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар клиентке қайтарылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні. Клиент тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат алады, оның негізінде дайын құжаттар беріледі.

Мемлекеттік қызметті eGov.kz порталы арқылы ресімдеу үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет және порталда «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» қызметін таңдайсыз. Содан кейін деректерді толтырып, сканерленген құжаттарды тіркеуіңіз керек.

Ескерту! Егер клиент кәмелетке толмаған, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе ата-ана құқықтары шектелген, қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін аурулары бар жағдайларда мемлекеттік орган қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуден бас тарта алады.

Алдыңғы жаңалық

17 кәсіпорын жұмысшыларының жалақы қарыздары өтелді

Келесі жаңалық

Орташа жөндеу негізінде асфальт төселуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі