Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда «Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. Жалпы, дүние жүзіндегі әр ұлт – бірегей. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Ұлтымыздың бірегейлігі бұл – оның табысты болуы деген сөз. Табысқа жету үшін жоспарымыз қол жетпес қиялға не болмаса жалаң сөзге емес, нақты іске негізделуі керек. Сонда ғана оның бәрі жұртқа түсінікті, анық болады. Яғни, «Қайтсек табысты елге айналамыз?» деген сұрақтың жауабы айқын болуға тиіс» деген еді. Осы орайда елімізде Мемлекет басшысы айтқандай табысты жас өскіндер аз емес. Олар әр салады, түрлі кәсіптерді бастап, өз замандастарының нағыз көшбасшысы атанып отыр. Соның бірі шымкенттік жас кәсіпкер – Нұржан Аманбек.
Кейіпкеріміз бала кезінен ешкімге қаржылай тәуелді болуды қаламаған екен. Осы мақсатта білімін жетілдіріп, 15 жасынан бастап өз бетінше кәсіп бастауға ұмытылғанын жеткізген жас кәсіпкер қазір – небәрі 25 жаста.
Шымкент қаласында «Study link» атауымен танылған ағылшын тілі мектебінін ашқан Нұржан бүгінде қаламыздан 3 орталық ашып үлгерген. Ол — өз тәжірибесі мен білімін өзгеде жастарға үйретіп, жол сілтеуде.
—Қазіргі заман талабы – білікті білімді талап етеді. Біздің елде білім алу мен оны жетілдіру бағытында қолдау көп. Ал, жеке кәсібіме келер болсам, бұл менің бала арманым болған. Мен секілді жеке кәсібін бастаймын деуші жастарға айтарым, бойларыңызда айқын мақсаттылық болу қажет деді, — жас кәсіпкер Нұржан Аманбек.
Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығы жастарды жігерлендіріп, оны қоғамдық ортаға баулу үшін адам көп шоғырланатын орындарда жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікке баулитын бағыттар жайлы түсіндіріп келеді. Жуырда орталық мамандары «Орталық Қырғы» базарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізген.ү
Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты — NEET санатындағы жастар үлесін азайту мен мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттау. Ақпараттық жұмыстарға, Әл-Фараби ауданы Еңбек мобильді орталығы, Отбасы банк және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мамандары қатысты.
Жастар арасында мемлекеттің оларға көрсетіп жатқан мүмкіндіктері жиі түсіндіріліп, орталық тарапынан кеңестер беріліп отырса, кейіпкеріміз Нұржан Амантай секілді іскер жастар қалыптасуы ғажап емес.