aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласының жастары жаңа босанған аналарды құрметке бөледі

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласының жастары жаңа босанған аналарды құрметке бөледі
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жастары үнемі өздерінің өнегелі істерімен түрлі іс-шараларға бастамашы болып келеді. Қала жастары Отбасы күнінде қалалық №2 перзентханада жаңадан туылған сәбилерді үйге шығару рәсімін салтанатты мерекелік іс-шараға айналдырып жіберді.

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бөгенбай Қайратұлының айтуынша, осы күні Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында сәбилі болған отбасыларға ерекше қуаныш сыйлаған екен. Дүние есігін ашқан нәрестелердің қуанышты сәтінде әсем әуен мен ақ тілектер айтылды. Арнайы ертегі аниматорлары мерекені сезіндіріп, дәмді торт ұсынды.

– Қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде бұл мереке аталып өтеді. Жастар ресурстық орталығы да мерекеге өз үлесін қосып, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырдық. Жас отбасыларды гүлмен, дәмді тәттілерімен күтіп алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын. Іс-шара басталғалы бері алты отбасыны құттықтадық. Жас аналарға тосын сыйымыз бұдан кейін де өз жалғасын тауып отыратын болады,– деді Бөгенбай Қайратұлы.

Оның айтуынша, Шымкент қаласында жыл басынан бері 20 667 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 10 678 ұл бала, 9 989 қыз, 267 егіздер дүние есігін ашыпты. Қоғамда отбасы құндылығы мен маңыздылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жас отбасыларға күтпеген сый болды.

– Осы аптада немерем, ұлымның тұңғыш перзенті дүниеге келіп, айтулы күнде перзентханадан шығару рәсімі бұйырыпты. Қазақ әрқашан мұндайды жақсылыққа балайды. Қызымыз өсіп, еліне қызмет ететін ерекше бала болады деп сенемін. Қошемет көрсетіп, сый-құрметке бөлеп жатқанына үлкен рақмет. Отбасы – құнды, киелі ұғым. Мұны жастарымыз түсініп, сезінуі үшін мейрам етіп тойлау тамаша үрдіс деп ойлаймын,– дейді шымкенттік ана Феруза Ташанова.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентке шетелдік саяхатшылар келді

Келесі жаңалық

Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы көпбалалы аналардың қолдаушысы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі